Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Айрақты тауындағы петроглифтер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44°14' 49.11" , E 52° 6' 25.04"  

Ескерткіштің сипаттамасы: ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Айрақты тауындағы жартастағы бейнелерді зерттеген ғалым А.Г. Медоев өзінің 1979 жылы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасынан жарықкөрген «Жартастағы бейнелер» еңбегінде толық мәліметтер бар. Қорым алғаш рет 25.12.2002 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің №264 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған.Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Бұл өлкені Каспий мен Арал теңіздерінің ортасынан және Жайық өзенінің арнасынан жалғыз ғана Мұғалджар тауының сілемдері қиып өтеді. Үстірттен бастап Орал тауының солтүстік батысына дейінгі кең жазықтың біраз бөлігін қақ жарып созылып жатыр. Бұл таудың Үстіртке біршама жақын жатқан тұсын Жамантау деп атайды. Тау сілемдерінің ең аумақты тұсы Қаратау  деп аталса, оның ең биік шыңын Айрақты деп атайды.  Сурет, дастархан тәріздес бейнелер Айрақты тауының шығыс жақ етегінде орналасқан жұмсақ бор жынысты тастардың шығыс және оңтүстік-шығыс жағында салынған. Тастарда үй жануарлары (түйе, жылқы), тау теке, атты адамдар, белгілер бейнеленген. Таудың абсалютті биіктігі 148 метрге жетеді.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Шағын тау шоқылары тізбегі жергілікті тұрғындар арасында Айрақты деген атпен белгілі. Айрақты таулары мұнаралы төбелері, бағаналары мен бекіністі қабырғалары бар ертегідегі қамалдарға  ұқсайды. Таулардың бірінен шығатын жартылай қолға үйретілген аттармен жүріліп қалған даланың бұралаң соқпақ жолы шағын алаңқайға алып барады. Осы жерден алыстағы Ақтау таулары, барлық айрақтылық қорғандар ажарын кең көлемді көріністен тамашалауға болады. Ылғалды көктемде жазық жерде кішілеу келген жұпар иісті согдийлік қызғалдақтар қаулап өседі. Айрақты тауының баурайы маңында зерттеушілер «Дала симфониясы» деп атаған ақбор жынысты тастарда шимайланып қалдырылған суреттерді көруге болады.

Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты 2008 ж. материалдары;

2. «Қазақ сахарасына саяхат» Бронислав Залесский, Париж 1865, Алматы 1991 ж.

 


Оқылған саны: 7099

Бозжыра тауы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....


Бекбаулы ата кесенесі

Мұнда 300-ге жуық сәулеттік-жерлеу нысандары орналасқан. Қорымның шығыс бөлігінде оғыз-қыпшық кезеңінің ескерткіштері кездеседі. Олардың көбісі қирап өзінің алғашқы қалыбын жоғалтқан....


Атақозы батыр кесенесі

1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....


Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

Барақ Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды. ...


Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі

Сол тарихи оқиғалардың бірі – Қараған-Босаға қырғыны. 1856 жылы көрші елдің басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт жатқан қазақ жеріне баса көктеп кіріп келіп, ойран салады.  ...


Досан Тәжіұлы кесенесі

Досан бастаған сарбаздар қазақ халқына алым-салық төлету үшін келген подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын Үшауыз деген жерде тас-талқан етіп жеңеді....


Booking.com
Страницы: 1234567