Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Бернияз қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 40 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Координатасы: 44 44 31; E 55 58 594.

Ескерткіштің сипаттамасы: Бернияз қорымы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы) Қорымда барлығы 8 обьект мемлекеттік есепке алынған. Олар: 3 күмбезтам, сағанатам, құлпытас пен  қойтас, құлпытас. Күмбезтамдар жоспарда тіктөртбұрышты порталды, күмбезі шығарылған. Ішкі беттері геометриялық өрнектер, тұрмыстық заттар әртүрлі бояулармен әсемделіп салынған. Кіреберіс ойығы төртбұрышты келген. Маңдайшасына өсімдік типтес ою-өрнектер салынған. Қойтастар құрылысы ерекше жоғарғы жағы цилиндр тәріздес, төменгі жағы тіктөртбұрышты параллелипел түрінде шығарылған. Төменгі жағы М әрпіне ұқсас аяқтар қашалып жасалып, екі сатылы тасқа жалғасып, табан тасқа орнатылған. Қорымда ескерткіштер арасында саз балшықтан соғылған сағанамдар да кездеседі. 

2007 жылы «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Адай руғы Қырықмылтық тайпасы Есекей бөлімі Сармыс баласы Қоскелді қарт 81 жасында уфат болды 1309 шы жылда.

Жаздырды баласы Қаражан мырза. Ұстасы Мәңкүт Мәмбетнияз баласы, Әлпейіс Лепесбай баласы 1888.

5. Сағанатам, қос құлпытастағы Есекей бөлімі Сармыс батыр ұғлы Амандық ұғлы Сәт ұғлы (Бейдалы) уфат болды 46 жасында, жаздырды баласы Ізбасқан...............?

2) Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Есекей бөлімі Жапақ Амандық баласы уфат болды......................? 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж. 

 


Оқылған саны: 1216

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112