Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Борқұдық қорымы

Орналасқан жері: Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан. 

Ескерткіштің сипаттамасы: Кішігірім дөң үстінде орналасқан, қорым пішіні СО-ке қарай созылыңқы. Мұнда 350 құрылыс нысанының көпшілігі белгітасты тас қоршау. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 56 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Қорымда сағанатам, қойтас, құлпытас, сандықтас, тас қоршау, тас үйінділер т.б орналасқан. Қорымдағы  сандықтастарда адам бейнесі, шаңырақ, балта, мылтық,  қылыш т.б әртүрлі суреттер  ойылып салынған. Сандықтастар ерекше үлгіде төбесі ашық жалпақ плита тастардан жоғарғы жағы үшбұрышты кертештер шығарылып қойылған. Қорымдағы ескерткіштерден әртүрлі рулық таңбаларды кездестіруге болады. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: ескерткішті СНРПМ «Маңғышлақайтажаңғырту» 1983 ж. экспедициясы және «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттеген. 

Дерек көзі: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі мұрағатының материалдары. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының (2007 ж) материалдары. Л.В. Дубровская 


Оқылған саны: 250


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы 19-20 ғғ., (архит.). Боранқұл а.-нан Б-қа қарай 85,5 км жерде орналасқан....


Тілеміс қорымы

18-20 ғғ. Боранқұл а-нан Ш-қа қарай 92,5 км жерде орналасқан.  ...


Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, 19 ғ., Бейнеу а.-нан СШ қарай 24 км жерде орналасқан.  ...


Шақан қорымы

Шақан қорымы, 19-20 ғғ., Бейнеу а.-нан ОШ 30 км жерде, Ақжігіт а.-ның Б 23 км жерде орналасқан. ...


Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112