Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Есей қорымы

Орналасқан жері:  Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан. 

Координатасы: N460^17,778; Е0550°35, 938 

Ескерткіштің сипаттамасы: Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ШБ осімен созылып жатқан шағын қорым болғанымен, осы жерде қабірүсті ескерткіштерінің барлық түрі ұсынылған: күмбезтам, сандықтас, қоршаулар, құлпытастар, қойтастар. Күмбезтам қорымның солтүстік бөлігінде орын алған. Күмбезтамның кеңістік-композициялық құрылымы төрттіктен, барабан және үй шатырының терезесі мен бейнелі найзатас орнатылған күмбезінен тұрады. Құлпытастар тегіс бедерлі, көлемді және сызбалау әдісімен алуан түрлі кеңістік-әсемдік шешімімен  орындалған. Кұлпытастарды безендіру барысында өсімдік оюлар, зооморфтық элементтері, қару-жарақ және арабографика мәтінін пайдаланған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: ескерткіш 1990 ж. «Қазжобақайтажаңғырту» институты экспедициясымен зерттелген.

Дерек көзі: «Қазжобақайтажаңғырту» Институты экспедициясының 1989 ж. материалдары, 23.11.1990 ж. Арх.№523. Құрастырушы: С.П. Пенькова, Т.Н. Лошакова.  


Оқылған саны: 299


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы 19-20 ғғ., (архит.). Боранқұл а.-нан Б-қа қарай 85,5 км жерде орналасқан....


Тілеміс қорымы

18-20 ғғ. Боранқұл а-нан Ш-қа қарай 92,5 км жерде орналасқан.  ...


Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, 19 ғ., Бейнеу а.-нан СШ қарай 24 км жерде орналасқан.  ...


Шақан қорымы

Шақан қорымы, 19-20 ғғ., Бейнеу а.-нан ОШ 30 км жерде, Ақжігіт а.-ның Б 23 км жерде орналасқан. ...


Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 123456789101112