Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Құлбарақ батыр кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 36 км солтүстік бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44°26' 50.10", E 52° 8' 32.45"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорым алғаш рет 24.10.1987 жылы Халық деп.ның Маңғышлақ облыстық советі атқару комитетінің №496 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

1984 ж. СНРПМ «Манғышлакреставрация»  Рягузова О.П-ның жетекшілігімен экспедиция жұмыстары жүргізілді. Қорымда әр кезеңді және әр типті 150 аса құрылыстар бар. Қорым композициялы солтүстіктен-оңтүстікке қарай созылған. Қорымдағы ескерткіштердің басым бөлігі сағанатамдардан тұрады. Қорымның батыс бөлігінде екі күмбезді кесене орналасқан, біреуі қорым батыс жағында, екіншісі оңтүстігінде. Қорымның орталығында құлпытас, қойтастар қатар орналасқан. Құлпытастар жебелі бітімге ие қарапайым пішінді болып келеді. Ескерткіштердің орналасуына қарағанда  қорым негізгі дамуын (20 ғ.) алған. Ескерткіштер сұлбалық етіп көк, лағыл, қызыл түстермен боялып, жалпақ бедерлі оймамен өрнектелген.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Құлбарақ батыр әулие (1790-1832)  Маңғыстаулық беріш (қаратоқай) руынан шыққан, оның бейіті екеу, бірі Хиуа өңіріндегі Махмұт палуан деген кісінің күмбезінде, мұнда батырдың басы жерленсе, ал екіншісі өзінің атымен аталатын Құлбарақ қорымында денесі жерленген. XIX ғ-дың 30 жылдарында болған қазақ пен хиуалық түрікпендер (яғни адай мен жәуміттер) арасында Маңғыстаудың Бозашы-Қабақты деген жерінде отырған Сүйінғараның ауылын Хиуа ханы Аллақұлдың Сүйінпұшық деген уәзірі бастап келген қалың қол шауып кетеді. Қазақ батырлары оларды қуып келіп, Қарнау деген жерде үлкен шайқас болады. Осы Қарнау қырғынын Абыл ақын өз жырында, яғни Қырғынсай деген жерде болған оқиғаны ерекше сипаттайды. Осы қақтығыста түркмендер “Сүйінғараның басын алып келіңдер” деген Аллақұл ханның жарлығын орындаймын деп жүріп, Сүйінғара мен Құлбарақты шатастырып алғандықтан,  Құлбарақ батырдың басын кесіп алып кетіпті. Аңыз бойынша басты хан алдына әкеліп көрсеткенде әлгі бас миығынан күліпті, - делінеді. Құлбарақ әулиенің екі жердегі бейітіне де  зиярат етушілер көп. Ел сыйынған әулие бабамыз туралы тарихи деректер маржан сөздің жауһарлары - Абыл, Мұрат Мөңкеұлы секілді ақындардың еңбектері арқасында осы күнге жеткізілді.Құлбарақ әулие басына қонғанда тек Құлбараққа ғана емес, сол қорымдықтықтағы Құсан әулие мен Бекжан әулиеге де шырақ жағылады. Бүгінде қорым басына Құлбарақ әулиеге арналған түнемелік үй салынған. 1991 жылы Беріш ата ұрпақтары үлкен мешіт ғимаратын салдырып, ескерткіш тақта қойғызды. 2000 жылы Құлбарақ атаның туғанына 210 жыл болуына орай Тілеген Кенжебекұлының бастамасымен қазіргі заман үлгісінде дулыға тәрізді ақ кесене орнатқан. Авторы  мүсінші Әбіш Кенжебаев.

Құлбарақ батыр - ел басына күн туған жаугершілік заманда ел мүддесін қорғаған батыр, әулие және сан қырлы қасиет иесі. Бүгінде батырдың аянбай еткен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, батылдық пен батырлықтың өшпес үлгісіне айналды. Сондықтан, халық арасында айтылып журген аңыз-әңгімелер құнды дүние болып сақталады.

Дерек көзі:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007 ж.;

2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.

 


Оқылған саны: 6917

Бердалы батыр қорымы (XVI-XX ғасырлар)

Кең ауқымдағы қорымда 100-ден астам әртүрлі уақыт кезеңінің түрлі ескерткіштері бар. Мұндағы ең ертедегі қабірүсті құрылысы шала өңделген тастардан қаланған. Үйлесімдік жағына қарай қорымның батыс жағы қоршау түріндегі, сағанатам және құлпытас ескерткіштерімен басым. ...


Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Есен ата жерленген жер

Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. ...


Есмамбет әулие жерленген жер

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. ...


Иса Тіленбайұлы кесенесі

Иса Тіленбайұлы (1829-1909) – халқына даңқы жайылған айтулы батыр, ауызы дуалы шешен, би, ұзақ жылдар ел билеген болыс, серілік құрған, ақындық сөз шығарған жан-жақты өнерпаз тұлға. Ол Адайдың оныншы ұрпағы. ...


Көне Бейнеу қорымы және Бекет-ата жерасты мешіті (ХVIII–ХIХ ғасырлар)

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. ...


Күйеу там кесенесі

Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. ...


Booking.com
Страницы: 1234567