Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Қырғын қорымы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылынан батысқа қарай 5 км
Координатасы: N 44°04' 160", E 052°15' 425".
Ескерткіштің сипаттамасы: Қырғын қорымы Жетібай ауылынан 5км батыс бағытта орналасқан. Қорым қазіргі заман қойылымдармен араласа орналасқан. Қорымның ескі бөлігінде күмбезтам мен сағанатам төңірегінде топтастырылған 26 ескерткіш бар. Зерттеулер нәтежесінде, қорымнан 26 ескерткіш есепке алынды. Оның ішінде: 1 күмбезтам, 3 сағанатам, 15 екітас, 1 үштас, 1 төрттас бар. Күмбезтамнан шығысықа қарай бестас және үштас түрінде жасалған бірнеше қойтас бар. Күмбезтамның өлшемдері 417см х 617 мм, биіктігі - 634 см. Құрылыс дәстүрлі схема бойынша салынган: жоспардағы тікбұрышты негізгі көлем биік емес жертөлеге тұрғызылған, цилиндрлік барабанға ойылып жасалған найзатасы бар конус тәрізді күмбез орнатылған. Негізгі оңтүстік қасбеттегі саңылаудың екі жағында, сондай-ақ қалған қасбеттердің әрқайсысында екіден салынған тауашалар бар, олардың тегіс ойықтары мен парапеттерінде ою-өрнектер бар. Интерьер де сонымен қатар өсімдік және геометриялық өрнектермен әдемі және мол безендірілген. Араб тіліндегі эпитафиялар мен ерлер мен әйелдердің аяқ киімдерінің бейнелері бар. Төртбұрыштан жалған күмбездің негізіне өту тромп арқылы жасалған. Күмбезтам қабырғаларын қалауы, саганатамның дәстүрлі қалауы сияқты: екі қабатты қаптама, ортасын саз балшықты шой таспен араластыра толтырған. Сағанатам өзіндік ерекшелігі бұрышынан төмен кететін трапеция тәрізді биіктер орнатылған. Барлық қасбеттерде жануарлардың сызба бейнелері бар.
Қорым 1982ж. Республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған. Ескерткішті алғаш рет 1980 жылы ҚазКСР мәдениет министірлігінің экспедициясы зерттеген.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ел ауызында сақталған әңгімелерге қарағанда, ауылдың үстімен өтіп бара жатқан керуен ауыл тұрғындарын улы зат беріп өлтірген. Сол жерде біраз адам қырылып, барлығы бір жерге жерленеді, содан Қырғын қорымы деп аталып кеткен. Осы қорымда Маңғыстаудын белгілі күйшілері әкелі – балалы Өскінбай Қалмамбетұлы мен Мурат Өскінбайұлы жерленген.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлкеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ "Қор" секторының құжаттары
Оқылған саны: 756
Маршрут
Ұлыкіндікті діни-қабірлеу кешені
Уәлі қорымы
Ортағасырлық Қызылқала қалашығы
Шерқала тауы (X – XIII ғғ.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....
Ұлыкіндікті кешені
1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....
Тамшалы сайы
Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен 1982 жылы анықталып, қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген.Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....