Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Досан Тәжіұлы кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы, Шебір селосынан, 15 км оңтүстік-шығыс бағыттағы Қаратөбе қорымы.
Координатаcы: N 44°45' 51.29" , E 52°16' 7.48"
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш алғашқы рет 1980 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігі экспедициясымен зерттелген. Қорым Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №38 Қаулысы бойынша 20.01.1982 жылы Республикалық дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 1870 жылдың көктемінде бұрқ ете түскен Маңғыстау қазақтарының патшалық Ресей отарлаушыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі – тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі. ХІХ ғасырдағы патша отарлаушыларына қарсы көтерілістер ішіндегі ең бір елеулісі. Досан Тәжіұлы – халық батыры, патша үкіметі тарапынан туындаған қысымға қарсы шыққан көтерілістің шынайы ұйымдастырушысы және оның қолбасшысы.
Тарихи деректер, аңыз-аңгімелер: Досан Тәжіұлы 1829 жылы Маңғыстаудағы Бозашы түбегіндегі Жиделі деген жерде дүниеге келген. Оның ауылы Хиуада, Көне Үргеніш пен Қоңыраттың арасында орналасты. Досан бастаған сарбаздар қазақ халқына алым-салық төлету үшін келген подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын Үшауыз деген жерде тас-талқан етіп жеңеді. Кавказдан жіберілген жазалаушы отрядпен кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетеді. Үстіртке қоныс аударып, Сам құмында отырған Досан ауылын 1874 жылы Ресей үкіметінің Аничкин бастаған іздеуші жасағы қапыда қоршап алып, жаралы батырды қолға түсіреді. Досан Форт түрмесінде 2 жылдан кейін қаза тапты. Досан батырдың сүйегін туған жері Бозащыға Жанғабыл (халық ақыны Сәттіғұл Жанғабыл ұлының әкесі) бастаған бір топ азаматтар жеткізген. Досан батырдың ерлігін Ақтабан, Бала Ораз, Қалнияз, Сәттіғұл ақындар жырға қосқан. Халық Досанды өте шапшаң, найзагер, ерлігі ақылына сай айрықша жаратылған жан ретінде сипаттайды. Ел аузындағы аңыздар бойынша, «құйғытып шауып келе жатып, тақыр жердегі қойдың құмалағын жармай шаншып алып кетеді екен», «атқысы келіп көздегендерге ол бірнешеу болып көрінеді екен» деген әңгімелер өте көп. Тәуелсіздік үшін патша отарлаушыларына қарсы күрестуын Маңғыстауда тұңғыш көтерген Досан мен Иса есімдері егеменді ел атанып жатқан қазіргі заманда өздерінің туған жері Маңғыстау топырағында ең бір қасиетті, ең бір қастерлі есімдер болуға лайықты екені даусыз.
Дерек көзі: «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы» Н.А. Құлбаев 2015 ж.
Оқылған саны: 7933
Бейне-материалдар
3D Модель
Маршрут
Бекбаулы ата кесенесі
Атақозы батыр кесенесі
1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....