Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ақүйік қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан.

Координатасы: N44°01´37,67´´; Е052°19´74´´

Ескерткіштің сипаттамасы: Ақүйік қорымы Шетпе ауылынан Оңтүстік-Шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Кешен ғибадатханалық құрлыстармен қатар тас қоршау мен сағанатамдары бар бірнеше ондаған молалардан тұрады. Бұл жерде Маңғыстаулық еске алу, жерлеу ескерткіштерінің ең маңызды нұсқаларының бірі болып саналатын, күмбезтам  да бар. Күмбезтам  құрлысы  тастан, іргетассыз кесек қаландысы арасына лай балшық жағу арқылы қаланған. Қабырғасы (19 ғ. тән) дәстүрде жасалып, қасбеттің қапталуы мен сән үйлесімі қабырғамен бірге жігін басқан жалпақтау көлденең тасқа байластырылған. Күмбезі шала өңделген тақта тастардан өрілген. Оған биік, дуылға тәрізді пішін, барабанға ұқсастырып кесілген тақта тастарды қаптау арқылы өрілген. Оның жоғарғы жағы әдеміленіп жиектелген. Кесененің басты қасбетінің қабырғалары дәстүрлі түрде биіктеу еңселі жасалып, портал іспетті ерек[1]шеленген. Қасбеттің жоғарғы жағы, кәрнезбен, төменгі жақтары тас бел[1]деумен бедерленген. Оның жоғарғы, тегіс беті, бұрандалы қолтаңбамен боялып жабылған. Қабырғаның ішкі жоғарғы жақтары да сондай өрнектермен өрнектелген, бірақ бұл жерде өсімдік өрнектерден басқа тұрмыстық бұйымдар да бедерленген. Біреуі жартылай құлап қалған тағы 2 кесене мен 2 сағанатам да осы кесенемен қатарлас орналасқан. Олар да осы кесенеге ұқсас болғанымен қарапайымдылығымен де ерекшеленеді. Сағанатамдар жылқы, бедерлі өрнектер, тағы басқалармен өрнектелген.  Ескерткіштің аумағы – 0,05га.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Қорымда ерекше көзге түсетіні Тәжі күмбезді там. Бұл күмбезтам халық шеберлері  Өмір  Қараұлы мен Омар Қаражүсіпұлы тұрғызған сәулетті ескерткіш болып табылады. «Тәжі сұлу – руы қаржау Бүркіттің қызы, байпақ Есенұлы Оразалының әйелі екен. Тәжінің қасында Оразалыдан туған Мақаш жерленген» деп көрсетеді  Өмірдің ұрпақтары. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары 




Оқылған саны: 522

Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы. ХІХ ғ. бірінші жартысы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан....

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы.

Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....

Маңғыстау мемлкеттік тарихи-мәдени қорығы, "Қор" бөлімінің құжаттары

Қызылсу қорымы

Қызылсу қорымы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 шм жерде орналасқан...

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, "Қор" бөлімінің құжаттары

Booking.com
Страницы: 12345678