Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Орналасқан жері: Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольіБейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан.

Координатасы:   N 450 58.962; E 0540 24. 976 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1 күмбезтам есепке алынған. Күмбезтам қорымның орталық бөлігінде орналасқан. Жоспарда төртбұрышты етіп, қабырғалары өңделген плиталармен қаланған, екі сатылы цокольды белдікке орнатылған. Оңтүстік-шығыс қабырғасының жіпсетасы мен кереге тасы аралығына тіктөртбұрышты ойықтар қалдырылып, порталына геометриялық өрнектер кескінделген. Күмбезтамның ішкі қабырғалары сырлы бояулармен салынған әр түрлі суреттермен безендірілген, сыртқы қабырғаларына жылқы, аяқ-киім, қару-жарақ суреттері, Адай руының таңбасы кескінделген. Тіктөртбұрышты кіріс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған. Қорым 2005 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. Күмбезтамның өлшемдері: 452х303х325см. Материалы: ақ-бор тас.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Ескерткіш алғашқы рет қорық қызметкерлерінің 2005 жылы сәуір айындағы іссапарында зерттелген. Күмбезтамда қазіргі заманғы жазумен: «Адай руы Жеменей тайпасы Бөкен бөлімі Мудасташен 1897ж. 15 жасында қаза тапты. Мудасташен әйелі Қантай 1919 ж. 69 жасында қаза тапты» деп жазылған. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.    


Оқылған саны: 370

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011