Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Есей қорымы

Орналасқан жері:  Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан. 

Координатасы: N460^17,778; Е0550°35, 938 

Есей қорымы, 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ШБ осімен созылып жатқан шағын қорым болғанымен, осы жерде қабірүсті ескерткіштерінің барлық түрі ұсынылған: күмбезтам, сандықтас, қоршаулар, құлпытастар, қойтастар. Күмбезтам қорымның солтүстік бөлігінде орын алған. Күмбезтамның кеңістік-композициялық құрылымы төрттіктен, барабан және үй шатырының терезесі мен бейнелі найзатас орнатылған күмбезінен тұрады. Құлпытастар тегіс бедерлі, көлемді және сызбалау әдісімен алуан түрлі кеңістік-әсемдік шешімімен  орындалған. Кұлпытастарды безендіру барысында өсімдік оюлар, зооморфтық элементтері, қару-жарақ және арабографика мәтінін пайдаланған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: ескерткіш 1990 ж. «Қазжобақайтажаңғырту» институты экспедициясымен зерттелген.  

Дерек көзі: «Қазжобақайтажаңғырту» Институты экспедициясының 1989 ж. материалдары, 23.11.1990 ж. Арх.№523. Құрастырушы: С.П. Пенькова, Т.Н. Лошакова.   


Оқылған саны: 54

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011