Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қалнияз қорымы

Орналасқан жері: Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. 

Координатасы: N 45°27' 471" , E 055°24' 957"  

Ескерткіштің сипаттамасы:

«Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттелген. Құланды жырасының жоғарғы жағына қарай орналасқан 50-ден астам нысан, оның ішінде 3 кесене, сандықтас, тас қоршау, тас үйіндісі, қойтас, құлпытас, стела тастар бар. Қорымның ОШ жағында оба үйіндісі бар. Обаның СШ жағына «үш ағаш» - триангуляция орнатылған. Қорымның оңтүстік бөлігінде қазіргі заман қойлымдары орналасқан. Өңделген плиталармен көмкерілген қабырғаларына әртүрлі әдістермен шаңбақ тәріздес, қос мүйіз өрнектері, қару суреттері түсірілген күмбезтамдардың жоғарғы жағы үшбұрыштала сүйірленіп біткен төртбұрышты кіріс-ойықтары оңтүстікке бағытталған. Тас белгілерімен орнатылған тас қоршаулар шала өңделген тастардан 0,5-2,1 м биіктіктерінде қалаған. Қабіртастарда әртүрлі рулық таңбалар кескінделген. Қорымдағы екінші күбезтамның қабырға плиталары әр жерінен ашыла бастаған, найзатасы құлаған. Жоғарғы бөліктері цилиндр, параллелипед пішіндерінде қашалған қойтастардың бірі аяқты етіп жасалған. Қойтаспен орнатылған құлпытастың жоғарғы бөлігі шар тәріздес болып келеді, 4 қырлы жақтауы бедерлене түсірілген дәстүрлі оюлар және сырлы бояулармен салынған геометриялық өрнектермен әсемделген. 2014 жылы қорымға жаңадан қорғау тақтасы орнатылды. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Қорымға 2007 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілген. №3 күмбезтамда: Адай руғы Тобыш тайфасы Бабық бөлімі Түркістан ұғлы Қалнияз 1186. 1305 деп жазылған.  2014 жылы қорымға жаңадан қорғау тақтасы орнатылды. 

 Дерек көзі: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі мұрағатының материалдары. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының 2007 ж. материалдары. Л.В. Дубровская.

"Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы" Алматы қ, 2015 ж. Құлбаев Н.А.


Оқылған саны: 458

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213