Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қызылсу қорымы

Орналасқан жері: Қызылсу қорымы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

                              Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 шм жерде орналасқан

Координатасы: N 43°54' 021", E 053°52' 543".

Ескерткіштің сипаттамасы:   Қызылсу қорымы Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 км жердегі төбе үстінде орналасқан. Қорымда 120-дан астам нысандар орналасқан. Оның ішінде бірнеше күмбезтамдар мен сағанатамдар, тас қаландылардан, қойтастар мен құлпытастар кездеседі. Қорымның барлық нысандары жергілікті әктас-құмтастан тұрғызылған. Зерттеулер нәтежесінде қорымның 113-ке жуық ескерткіштер есепке алынды. Оның ішінде мешіт, 1күмбезтам, 57 сағанатам, 11қойтастар, құлпытастар, үштас және бестастар, тас қоршаулар т.б. ескерткіштер көптен кездеседі. Қорым қазіргі заман қойылымдармен араласа орналасқан. Осы қорымдағы жалғыз күмбезді там ХХ ғасырдың басында салынған сәулетті мәдениескерткіш болып табылады. Бұл ескерткішті салған атақты халық шебері Есентемір Дүтбай. Күмбезді там Қарамандыбас кенішінен алдыртқан қызғылт құм тастан тұрғызылған. Іргетасы жоқ, төртбұрышты, қабырғалары үш қабатты іші-сырты өңделген тастардан кереге жіпсе етіп қапталып, ортасы шойтастармен саз балшық араластырылып толтырылған. Үстінен дулыға тәрізді етіп күмбез шығарылған. Оң жақтағы қабырғасы қалған қабырғаларына қарағанда биіктеу келген, ортасынан төмен ойық қалдырылған. Ойықтың жоғарғы жағы геометриляқ пішінмен шығынқы етіп қашалған. Оң жақтағы қабырғасы өсімдік тәрізді оюлармен суіреттелген. Қабырғаларынан төотбұрышты ойықтар шығарылған. ХХ ғасырдың аяғында салынған басқа кесенелерде құрылыс салушылар ертеде қолданған барлық негізгі әдістер қайталанады, бірақ бетон сияқты заманауи материалдарды қолдана отырып, тасты сапалы өңдеу және конструкцияларды жақсарту арқылы. Кесенеден кесене салынған сайын архитектуралық формалар мұнда неғұрлым күрделі интерпретацияларға ие болады: порталдардың көлемді өңделуі күрделене түседі, күмбездердің имитацияланған барабандары тауашалармен безендірілген. Осыған ұқсас жағдай сағанатамдардан да байқауға болады. Олардың бұрынғыларын іргетассыз қабыргаларының араларын саз балшықпен толтырып  жақсы өңделген тас плиталардан тұрғызған. Олардың негізгі қасбеттері порталдар түрінде бөлектелген, қабырғалардың бұрыштары көтерінкі етіп салынған. Қасбеттері сызба ою бойынша өрнектермен безендірілген бірнеше сағанатам бар. 20-ғасырдың аяғындағы сағанатамдардың ішінде сәулеттік-көркемдік сапасы жоғары туындылармен қатар қарапайым тас блоктардан, қарапайым пішінде, қалауы мен сәндік безендіруі сапасы төмен қарапайым формаларда көптеген кездеседі. Қорымның солтүстік-батыс бетінде мешіт орналасқан. Мешіттің құрылысына да Есентемір Дүтбай атсалысқан. Бұл мешіттің салуына себебкер болған белгілі дін ғұламасы, ғалым Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы еді. Бұрыштық мұнаралары бар мешіт  құрылысы аяқталмаған. Сатылы қабірүсті белгілер, қойтастар, құлпытастар болып табылатын кіші сәулет пішіндер жалпақ бедерлі тас қашау техникасы арқылы, қарапайым сәндік безендірілген. ХХ ғасырдың аяғында олардың мүсіндік және көркемдік өңдеуі толығымен жеңілдетілген. Бұл некрополь кіші сәулет пішіндері композициялық схеманы, сызықты және геометрияны жеңілдету тенденцияларымен сипатталады. Бұл негізінен үштас, бестас, стильдендірілген "қойтастар", саркофаг-жәшіктертер түріндегі сатылы ескеткіштер.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ "Қор" секторының құжаттары 

 


Оқылған саны: 944

Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Асалы күмбезтамы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 12345678