Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Сенек қорымы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан.
Координатасы: N 44°38' 175", E 054°08' 795".
Ескерткіштің сипаттамасы: Сенек қорымы Снек ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Қорым мешіттен, тұрғын үй және кітапханадан тұратын ескерткіштер кешенінің бөлігі болып табылады. Қорым кең ежелгі рулық зират болып табылады. Қазіргі таңда шағыл құмның көшуінің себебінен қорымнын көп бөлігін құм басқан. Қорымда бірнеше ондаған сағанатамдар, үш дулыға тәрізді күмбезі бар кесене, тас қоршаулар мен сатылы қабірүсті тастармен белгіленген тас үйінділер және бірнеше қойтастар мен құлпытастар орналасқан. Қорым кесенелері пішіндері мен пропорцияларының әскмдігімен ерекшеленеді. Олардың ансамблінің есте қаларлық силуэты бұл қорымды Маңғыстау қорымдарының жалпы қатарынан ерекшелендіреді. Зерттеу жұмыстарының нәтежесінде, қорымнан 34 ескерткіш есепке алынған. Қорымдағы алғашқы ескерткіштер шамамен XVII ғасырдың басына жатады. Ескерткіштердің барлығы дерлік, қазақы үлгіде салынған. Қорым аттары белгілі шеберлер жасаған құрылымдардың болуымен ерекшеленеді. Сағанатамдар таза қазақ дәстүрлері түрінде салынған, бірақ ою-өрнектің біршама жеткіліксіздігі байқалады. Қорымдағы сәулет ескерткіштің бірі – Нұрберген Қалышұлының күмбезді тамы болып саналады. Күмбезтам ХХ ғасырдың басында руы Жаманадай Қалыштың Нұрберген деген баласына арнап салынған. Оның шебері Есентемір Дұтбайұлы және Нұрнияз Жарасұлы. Күмбезтам жерлікті тастан қиып салынған. Жалпы түрі, ою-өрнегі шебердің ісмерлігін көрсетеді. Қорым ғимараттары - кесенелер де, сағанатамдар да 19 ғ - дың аяғыдағы -20 ғ-дың басындағы Маңғыстаудың жалпы қалаумен конструктивті байланысқан кесілген және жақсы қиыстырылған тас плиталардың құрылымдық қаптауыш қабаттары бар үш қабатты тас қалаудың дәстүрлі техникасында тұрғызылған.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Қорым XVII ғасырдың басында қалыптаса бастаған, бұл қорымда жұмыс жасаған шеберлердің екі аты белгілі. Олар Есентемір Дүтбай және Нұрнияз Жарасұлы. Олар, мысалы, №1 күмбезтам (Нұрберген Қалышұлы) мен №4 және 8 күмбезтамдарды салған. Авторлардың өздері құрылысшылар да болған. Тапсырыс берушілер әдеттегідей қайтыс болған адамның туыстары болған.
1977-1978 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары институтының сәулет бөлімінің экспедициясы зерттеген (М.С.Нұрқабаев).
Қорым 1982ж. Республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынды.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары
Оқылған саны: 96