Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ырғызбай қорымы

Орналасқан жері: Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар, (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан. 

Координатасы:  N 46 17 320; E 055 33 379 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Ырғызбай қорымы, XVIII - XIX ғасырлар, (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан. «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі 2009 ж. зерттеген. Қорым кесене, сағанатам мен тас қоршау және шағын сәулет пішініндегі құрлыстан тұрады, алайда, олардың көпшілігі қираған. Кесене шаршы пішіндегі жоспарда, күмбезі дулыға тәрізді. Ішкі құрылым, әшекейі геометриялық және өсімдік өрнектерімен бірге тұрмыстық заттар түрлі-түсті боялған. Қорымдағы тас қоршаумен үйінділері шала өңделген тастан қаланған. Қоршаулардың өзі еш сылақ пайдаланылмай, көлденең қойып өрілген. Екі тас үйіндісіндегі тастарды топырақ қабаты басып қалған. Жерлеу орнына орнатылған белгі тастар өңделмеген жалпақ тастан дайындалған. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы (2007 ж.) зерттеген. Н.А.Құлбаевтың «Араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы» кітабында қорым туралы мәліметтер берілген. Құлпытас: Адай руғы Қосқұлақ тайфасы Қыдырбай аймағы Көпжасар бөлімі Бисеқұл Тілеу ұлы уфат 16 жасында. Құлпытас: Адай руғы Қосқұлақ тайфасы Қыдырбай аймағы Көпжасар бөлімі Шеркеш бай Әжі баласы уфат 83 жасында 1919 жыл.9. Құлпытас, тас қоршау: Адай руғы Қосқұлақ тайфасы Қыдырбай.....?......? уфат болды 54 жасында 1919. 13. Құлпытас, сағанатам: Қосқұлақ тайфасы Шырақбай аймағы Сейіт баласы Сары уфат болды 7 жасында 1300 санда. 14. Күмбезтам: жанында 3 құлпытас: 1)Адай руғы Қосқұлақ тайфасы Шырақбай бөлімі Дәрмен баласы .....? 50 жасында .....? 2) Адай руғы Қосқұлақ тайфасы Артықбай баласы Аманбек халалы Қанжан бәйбіше 17 уфат....? Аманбек Артықбай баласы....? жаздырған ағасы. 19. Құлпытас, тас қоршау: Адай руғы Қосқұлақ тайфасы Шырақбай тайфасы Қазтұрлы (Жантұрлы) баласы Қылыш 72 жасында уфат болды.  

Дерек көзі: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі 2009 ж. мұрағат материалы.


Оқылған саны: 506

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213