Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қосарқан (Шақан) қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 35 шм батыс бағытта орналасқан 

Координатасы: N045^01.391;Е055°18.241

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымнан барлығы 17 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Оның ішіндегі үлкен сәулет ескерткіштері - екі күмбезтам. Олардың қатарында бірі саз балшықтан қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп тұрғызылған (жоғарғы бөлігі үшбұрышты болып келетін төртбұрышты кіріс ойығы тастан жасалған, қабырға қалыңдығы 1,5 м) және қабырғалары плиталармен көмкерілген (күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде тұрғызылған) күмбезтамдар, сағанатамдар және шала немесе жартылай өңделген тастардан әр түрлі биіктікте қаланған тас қоршаулар, қақпақсыз сандықтастар, қойтас құлпытастар бар. Қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан қабырға орталары шой тастармен толтырыла саз балшық араластырыла қаланып, плита тәріздес тастармен қабырға тегістігінен шығыңқы белдіктер жасай тұрғызылған күмбезтамның күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде болып келеді.  Қорымның көлемі - 1,2 га шамасында болып келеді. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  Ескерткішке 2007 жылы маусым айында "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттеу, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген. Қорымдағы қабіртастардың  Адай-Жеменей-Кедей руының ұрпақтарына тиісті екені анықталды. Қыштан тұрғызылған күмбезтамның жақтауында: «Кедей Ерсары» жазуы бар. Ескерткіштің тарихы туралы нақты тарихи деректер жоқ.

Дерек көздер: 1. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының материалдары 2007 ж. Т.Н. Лошакова 

 2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры  (ескерткіш паспорты). 


Оқылған саны: 105

Сақау қорымы

Сақау қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 100 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік батысқа қарай 53 км қашықтықта орналасқан ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бәйті (Бәйте 3) ғибадатханасы

Бәйті (Бәйте-3) ғибадатханасы, е.т.д., Ғибадатхана Үстіртте орналасқан. Бәйте ғибадатханасына 1998 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тасым 1 қорымы

Тасым 1 қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 35 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Көбен жерасты мешіті

Көбен жерасты мешіті, XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213