Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Ұлыкіндікті діни-қабірлеу кешені
Шопан-ата қорымына жақын Ұлы кіндікті жерінде ерекше археологиялық нысана орналасқан. 2005 жылы археологтар осы жердегі қола дәуіріне жататын екі діни-қабірлеу кешені орындарына археологиялық зерттеу жұмыстарын өткізді. Бұл ескерткіштің шартты дәуірі б.д.д. 2 мыңжылд. ортасы деп белгіленеді. Бірінші қабірдің диаметрі 6 м болатын дөңгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылып, бүгінгі таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың ішіне ерекше қабір орналасқан. Барлығы 12 тасты тігінен қойып тұрғызған қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді. Қабір түбінде қартайған адамның қаңқасы сақталған. Дене бір қырынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылып, тізелері бүктіріліп жерленген. Екінші қойылымның қабір құрылысы және жерлеу дәстүрі күрделілеу. Қабір дөңгелек пішінді, ірі фундамент тастары сақталғандығынан бұл күмбезді құрылыс болғаны түсінікті болды. Бұл қабірде де жасы үлкен адам жерленген, дененің басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгі бөлігі жұмыртқа тәрізді болған, жоғарғы бетіне күмбез тіктелген. Қоршауының диаметрі 10 м болған, биіктігі 1,5 м етіп тастан қаланған қабырғамен қоршалған. Сондай-ақ бұл тас қоршауды ені 3 м , тереңдігі 1 м ор белбеу сияқты қоршаған. Қабірлеу рәсімі кезінде тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған.
|
Оқылған саны: 946
Бейне-материалдар
Маршрут
Уәлі қорымы
Ортағасырлық Қызылқала қалашығы
Қырғын қорымы
Шерқала тауы (X – XIII ғғ.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....
Ұлыкіндікті кешені
1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....
Тамшалы сайы
Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен 1982 жылы анықталып, қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген.Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....