Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Бозжыра тауы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан.
Координатасы: N 43°24 30.77” , E 54°6 13.92”
Ескерткіштің сипаттамасы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.
Бозжыра тауы – облыс орталығы Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан, Қарақия ауданына қарасты Үстірт платосының батыс шыңдары бөлігі, Табиғат-Ананың өз қиялына ерік беріп, ақ түстерден ғажайып ландшафт жасаған Үстірт жазығы шыңдарының бір бөлігі. Биіктігі – 250 м.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Сан мыңдаған жылдар бойы бұл аймақ мұхит түбі құбылысында болған. Алайда, тереңдегі Жер әрекетінің дамуымен мұхит кесінділері кей кезеңдерде уақытша болса да кейін шегінетін болған. Шегінген мұхит гигант толқындарымен жұмсақ әктас жарықшақтарын шайып, ақ-борлы таң қаларлық тау қалдықтары мен сайларды құрастырған. Жел мен жауын тасқындары қорытындылай қалыптастырған табиғаттың бұл әсем көрінісі бүгінгі таңда өлкемізге енді ғана келіп бастаған туристерді таң қалдырып отыр. Шағын Бозжыра жазығы үш жағынан табиғат қиялының амфитеатрымен қоршалған. Бұл жерде сайлар, құздар, тау-мұнаралар, тау-қамалдар - бәрі аппақ. Бозжыраның тау шоқыларын айналып қараған кезде, құдды-бір өзінің ажарын құбылтып тұрғандай көрінеді. Назданған шоқылар мұнарланған қиян далаға қарап, Маңғыстаудың ұлы нышаны - алып тас үйдің тыныштығын күзетіп тұрған үнсіз қарауыл секілді.
Дерек көзі:
Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары –Астана: Фолиант, 2017 ж., 338 бет;
Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.
Оқылған саны: 20916
Бейне-материалдар
Маршрут
Саура сайы
Самал сайы
Махтум баба мешіті
Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....