Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Көкетай күмбезтамы

Орналасқан жері: Боранқұл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан.

Координатасы:  N 46 16.901; E 055 01.223

Ескерткіштің сипаттамасы: Аласа күмбезді жоспарда төртбұрышты етіп, қыш кірпішті тастан саз балшық араластырыла қаланған. Жоғарғы бөлігі жартылай дөңгелек пішініндегі кіріс ойығы ОБ бағытталған. Күмбезтам қабырғаларының саз балшықты сылақтары жауын-шашын әсерінен ағып, қабырға сырттары жыра тәрізді ойылған және кіріс ойығының төменгі жағы желініп мүжілген. Күмбезінің жоғарғы төбесінің батыс бөлігі кішкентай көлемде ойылып ішіне құлаған, ойығы тастармен жабылып қойылған. Күмбезтамның өлшемдері: 550 х 410 х 396 см.  Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Халық арасында кеңінен тараған аңыз-әңгімелер негізіне сүйенсек,  сүйгеніне қосыла алмай армандап кеткен, ғашықтарға арналған.

Дерек көзі:«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі мұрағат материалдары. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының материалдары 2007Т.Н. Лошакова


Оқылған саны: 346

Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Booking.com
Страницы: 1234567891011