Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Шақан қорымы

Орналасқан жері: Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан  

Координатасы: N 450 02, 090´;  E 0550 26, 821´ 

Ескерткіштің сипаттамасы: Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі Қазақ ҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттеген. Кесене қорымның ОШ-да орналасқан және 1 бөлмелі, баспалдақты, іргетассыз қаланған, күмбезді-центрлі құрлыс. Қаламасы жұмыр тас пен саз балшықты, қатармен өңделген тік тастар, байланыстырылған көлденең тастармен кезектеседі. Күмбезі дулыға тәріздес, фигуралы басы төменгі жағында жатыр. Күмбездің оң жағында жарық түсіретін, желдеткіш тесік бар. Оң жағында басқаларынан жоғары көтерілген қабырғада тік бұрышты кірер есік бар. Жоғарғы жағы жалпақ бедерлі оюмен өсімдіктер өрнегі безендірілген. Қасбеті сияқты, С бұрыштары сәл көтерілген, дәстүрлі қазақтың «төртқұлақ» ғұрыптық еден топырақты құрлысқа келеді. Материалы: әкті-құмтас. Сағанатамдар түбегейлі бұзылған, ұзына бойлық осі, қасбетінде портальды типті, тікбұрышты, О жағында есік қуысы сақталған. Сыртқы және ішкі қаланды тасы жақсы тегістелген. Жерлеуде орнатылған құлпытастар жалпақ, бас жағы домалақ және үш бұрышты. Құлпытастар ою- өрнектермен, эпитафиямен өрнектелген.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Көптеген тас қоршаулар өңделген жалпақ тастардың сынықтары және сом тастардан қаланған, олардың бір жағы өңделген. Қорымдағы көптеген жерлеу орындарыеның бетін топырақ жамылғымен жапқан. Б жағындағы жерлеулерге өңделмеген және жартылай өңделген жалпақ тастардан жасалған стелла орнатылған. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Дерек көзі: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мұрағат материалы. 

«Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі Қазақ ҒЗИ» экспедиция 2007 ж материалы. Т.Н. Лошакова


Оқылған саны: 104

Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Booking.com
Страницы: 1234567891011