Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Күйеу там кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сенек селосынан 40 км солтүстік-батыс бағытта, Шопан-ата қорымынан батыс жағындағы төбе жал үстінде орналасқан.

Координатасы: N 43°33' 47.38" , E 53°22' 46.58" 

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткішті «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ 2004 ж. зерттеген. Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді. Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. Олар  бестас, орташа биіктіктегі ферттар. Тас үйінділеріне қойылған белгі тас пен белтастарға таңбалар соғылған. Жазба мұраларын зерттеуші Мұрат Ақмырзаев  сағанатамның сыртқы қабырғасындағы  жазуды былай оқыды: «Бұл жазбаны салған молда Меңдібай Естекұлы», ішінде орнатылған қойтас бетіндегі араб жазуын тарихшы-өлкетанушы Нұрлан Құлбаев: «Бисми Әли» деп оқыды. 

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Бұл жерде Шопан-атаның күйеу баласы жерленген. Зират етушілер бірінші күйеу тамға келіп аялдайды. Бұл дәстүрдің мағынасы күйеу балаға деген үлкен құрметтен бастау алған. Содан кейін ғана төмендегі Шопан ата қорымы және жер асты мешітіне барады.

Дерек көзі: Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.

 


Оқылған саны: 6228

Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Есен ата жерленген жер

Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. ...


Есмамбет әулие жерленген жер

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. ...


Иса Тіленбайұлы кесенесі

Иса Тіленбайұлы (1829-1909) – халқына даңқы жайылған айтулы батыр, ауызы дуалы шешен, би, ұзақ жылдар ел билеген болыс, серілік құрған, ақындық сөз шығарған жан-жақты өнерпаз тұлға. Ол Адайдың оныншы ұрпағы. ...


Көне Бейнеу қорымы және Бекет-ата жерасты мешіті (ХVIII–ХIХ ғасырлар)

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. ...


Көркембай ахун мешіті

Ол Маңғыстау өлкесінің  XIX ғасырдағы салынған  құрлыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. ...


Booking.com
Страницы: 12345678