Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қызылқала қалашығы

Орналасқан жері: Қызылқала қалашығы – Маңғыстау облысы, Шетпе аулынан 20 км солтүстік-батыс бағытта, Ақмыш бұлағы жағасында орналасқан X-XIIIғғ. археологиялық ескерткіштердің бірі.

Координаталары: N 44°14' 48.75" , E 51°59' 13.66"  

Ескерткіштің сипаттамасы: 2004-2005 жылдары Маңғыстау ауданында Шетпе кентінен 20 км солтүстік бағытта Ақмыш бұлағының маңайында орналасқан Қызылқала ортағасырлық қалашығының орнына археологиялық зерттеулер өткізілді. Алғашқыда ескерткіштің қабырғалары ғана бекітілген керуен сарай болғаны ал кейіннен, сыртынан таспен қапталып, 13 қарауыл мұнаралы мықты қамалға айналдырылған. Бекіністі айнала қоршай саудагерлер мен кәсіпкерлердің гүлденген қаласы орналасып жатты. Қыш-шөлмек ыдыстардың, күйдірілген кірпіштер мен темірден, мыстан, құнды металдардан жасалған бұйымдардың табылуы бұл жерде өндіріс орындарының болғандығын айғақтайды. Жалпы көлемі 50 гектарға дейін қамтып жатқан Қызылқала қалашығының негізіне Орта Азиялық үлгімен салынған қабырғаларының сақталған биіктігі 2,5-4 метр жуық, жоспары квадрат тәрізді үлкен де мықты қорған 10 ғасыр шамасында салынған. Қорған Хорезм империясының Маңғыстаудағы форпосты болып, келетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында тұрғызылған. Уақыт өтуімен бұл жерге Орта Азиядан қоныстанушылар келіп, қорған айнала егіншілер мен өнеркәсіпшілер елді мекені пайда болады. Суы мол, табиғаты жұмсақ Қаратау баурайындағы оазис 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін көп құрылысты, бау-бақшалы, көл- тоғандары бар үлкен қалаға айналды. Қала солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 м, ені 400 мсозылған. Солтүстікте ағыстар бірегей арнаға құйылады. Оның ені – 15-20 м. Шығыс арнасында (бұлақтың жергілікті атауы Ақмыш) әлсіз, қуаты аз бұлақтар бар. Қалашық бекіністі нығайту қалдықтарынан, көптеген үй-жайлар периметрлерінен тұрады. Жоғары білік бойынша бекітіп (үймектің биіктігі 3 м дейін) 1,2-2 м ендес панцирлік үлгідегі массивті белгілер қарастырылды. Орта бөлікте солтүстік-батыс қабырғасында бас қақпалар орнатылған. Азаматтық қоныстық кешеннің (рабат) көтермелі материалдары саз балшық ыдыстары, плинфа сынығы, жануар сүйегінің үзінділері, құрылыс фундаменті табылған жерлер анықталды. Фундамент (толықтай немесе үзінді) қордаланған кесек тас үстіндегі құрылыс дәрежесімен сипатталады.

2004 жылы өңделмеген құрылыс түрлерін санамағанда тұрғын және тұрмыстық мақсатта 200 фундамент анықталды. Археологиялық зерттеулер мен тарихи жазбаларға сүйенсек, бұл қалашық алғаш рет араб тарихшысы ал – Истахри X ғасырда атап өткен түбектіктің астанасы әйгілі Маңғышлақ қаласының орны болуы ықтимал.

2012 жылы ЮНЕСКО-ның Букіләлемдік мұралар тізіміне Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы енді.

Тарихи деректер, аңыз-аңгімелер: Қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл қаланың моңғол басқыншылығынан бұрын күйрегені анықталды. Ал,жазба естеліктеріне қарағанда, Маңғышлақ қаласын 1127 жылы Хорезмшах Атсыз шабуыл жасап, басып алған. Осы Маңғышлақ пен Қызылқала бір қала болуы мүмкін. Бұл қаланың орнын 1375 жылы каталондық А.Кресктің және 1386 жылы ағайынды Пицциганилер жасаған карталарынан көруге болады.

Қалашық аумағында тас диірмендердің сынықтары кездеседі, ал жоғарғы мәдени қабаттардан егін оратын бүтін орақ табылды. Айналаны тексеру барысында ежелгі диқаншылық кәсіп игерілген кең жер бөлігі анықталды. Бұл табыстар қызылқалалықтардың дәнді дақылдар мен бақша мәдениетін белсенді игеруі жайындағы айғақтар болуы мүмкін. Қалашықтың мәдени қыртысы тұрғындар асқа қолданған жануарлардың сүйектеріне толы. Қалада ішкі сауда дамыған. Бұл жерден ақша орнына қолданған болуы мүмкін сырға түріндегі және сом мыс сақиналар жиі кезедеседі. Қаланың оңтүстік шетінде қыш бұйымдарын күйдіруге арналған бірнеше пеш қалдықтары сақталған.

Бұл жердің көзешілері көптеген сан алуан шаруашылық, тұрмыстық және ас үй ыдыстарын өндірген, оның ішінде құйма қышын дайындау бойынша әрекеттерді де жүзеге асырған. Ыдыс-аяқтардың бір бөлігі Хорезм мен Ираннан тасып әкелінген. Қызылқалада зергерлік шеберхананың болғаны туралы археологиялық айғақтар бар. Археологтар қола және күмістен құйылып жасалған ұсақ бұйымдар, зергерлік әшекейлерді құюға арналған тас пішіндердің сынықтары, амальгама тасымалдауға арналған қыш ыдыс – сфероконус тапқан болатын. Сондай-ақ жергілікті шыны ыдыстарының өндірісі болған деп болжанады. Мыс пен жезді өңдеу тәрізді аса күрделі кәсіп те өркендеген. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде қалашық құрылысы X-XI ғғ. Кезеңдерінде басталған деп жорамалданады. XIII ғ. Екінші жартысында монғол шапқыншылығынан Хорезм мемлекетінің күйреуінен кейін, теңіз деңгейі өзгеріп сауда трассаларының бағыты ауысуына байланысты  экономикалық  мағынасыжоғалып, қаланың қайнаған өмірі мүлде өшіп қалған.

Дерек көзі: «2004-2005 жылдар Маңғыстау облысы бойынша жүргізілген археологиялық есеп»,Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының мұрағат қоры, Алматы қаласы.

 


Оқылған саны: 8763

Атақозы батыр кесенесі

1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....


Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі

Сол тарихи оқиғалардың бірі – Қараған-Босаға қырғыны. 1856 жылы көрші елдің басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт жатқан қазақ жеріне баса көктеп кіріп келіп, ойран салады.  ...


Айрақты тауындағы петроглифтер

Тастарда үй жануарлары (түйе, жылқы), тау теке, атты адамдар, белгілер бейнеленген....


Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

Барақ Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды. ...


Бердалы батыр қорымы (XVI-XX ғасырлар)

Кең ауқымдағы қорымда 100-ден астам әртүрлі уақыт кезеңінің түрлі ескерткіштері бар. Мұндағы ең ертедегі қабірүсті құрылысы шала өңделген тастардан қаланған. Үйлесімдік жағына қарай қорымның батыс жағы қоршау түріндегі, сағанатам және құлпытас ескерткіштерімен басым. ...


Досан Тәжіұлы кесенесі

Досан бастаған сарбаздар қазақ халқына алым-салық төлету үшін келген подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын Үшауыз деген жерде тас-талқан етіп жеңеді....


Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Booking.com
Страницы: 123456789