Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Оғыланды ата жерленген жер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 95 км солтүстік-шығыс бағытта, Оғыланды жерінде орналасқан.

Координатасы: N 43°35' 45.85", E 54°5' 4.73" 

Ескерткіштің сипаттамасы: 1980 жылы ҚазКСР мәдениет министрлігі «Қазқайтажаңғырту» институты ашып, оны Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қосымша зерттеген. Казіргі таңда  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Сондай-ақ, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Қазіргі уақытта төбе етегінде сыйынушыларға арналған үлкен кешен салынған. Қорым төбе бойымен созылып жатыр (ең көнесі XVII-XVIII ғғ.). Қазіргі жер бетіндегі бөлігінде өңделмеген тастан қаланған тас үйіктері, қарапайым қоршаулар, тас-жәшік, сандық тастар түрінде. Қорымда (19 ғ.-ғы) қарапайым сағанатам, құлпытастар бар. Олардың қабырғалары жоғарғы көркем өрнектермен қашалған. Жаңа кесене Оғыланды зиратының үстінен тұрғызылған. Қорым аумағына кірер тұста орналасқан, күмбезі биік қарапайым сәулеттік пішінде салынған.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда Бекет-Атаны осы жерден мешіт салуға бастап келген де осы Оғылан екен. Оғылан түркі тілдестер сөзі, ол «ұлан», «бала» деген ұғымды береді. Көшпенділердің тұрмыс-тіршілігіне байланысты бір орайда бірыңғай балалар дүние салып, осында жерленсе керек. Қорым қатардағы қарапайым орын емес, бірыңғай балалар жерленген жер болып, әулиелік «Оғыланды» деп аталады. Алдан күткен арманы, үміті өлшеусіз сәбилер қорымы кейінгілерге киелі, қасиетті орын ретінде белгілі болған. Бекет-Атаның өзі көзі тірісінде маған ниет қойып, келгісі келген, шарапат тапқысы келген адам әуелі Оғыландыға соғып зиярат етіп барып келсін деп жұртшылықты дағдыландырған.

Аңыздардың тағы бір нұсқасында Йафис пайғамбар өзінің ұлы түрікке «Йафис-Оғланлы» деген лақап есім беріпті және соны бүкіл жұртының басшысы етіп қойыпты. С.Поляков «оғлан» сөзінің осы аймақта жиі кездесетініне мән бере отырып, осы атты иеленген тарихи соңғы адам Тоқтамыс ханның әкесі, XIV-ғасырдың 50-60 жж. Маңғыстаудың билеушісі – Түйеқожа оғлан (Тойқожа-оғлан) екендігін атап өтеді. Ал Әбіш Кекілбаев Маңғыстаудағы Оғландының әлгі Түйеқожа оғланмен байланысты болу ықтималдығын ескерткен болатын.

Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары;

2. Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы «Маңғыстау һәм қазақтың құпия шежіресі» Алматы-2013 ж.;

3. ҚазКСР мәдениет министрлігі «Қазпроектреставрация» институты экспедициясы материалдары. 1980 ж. «Казреставрация» мұрағаты.


Оқылған саны: 6015

Айрақты тауындағы петроглифтер

Тастарда үй жануарлары (түйе, жылқы), тау теке, атты адамдар, белгілер бейнеленген....


Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

Барақ Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды. ...


Бердалы батыр қорымы (XVI-XX ғасырлар)

Кең ауқымдағы қорымда 100-ден астам әртүрлі уақыт кезеңінің түрлі ескерткіштері бар. Мұндағы ең ертедегі қабірүсті құрылысы шала өңделген тастардан қаланған. Үйлесімдік жағына қарай қорымның батыс жағы қоршау түріндегі, сағанатам және құлпытас ескерткіштерімен басым. ...


Досан Тәжіұлы кесенесі

Досан бастаған сарбаздар қазақ халқына алым-салық төлету үшін келген подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын Үшауыз деген жерде тас-талқан етіп жеңеді....


Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Есен ата жерленген жер

Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. ...


Есмамбет әулие жерленген жер

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. ...


Booking.com
Страницы: 123456789