Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Күйеу там кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сенек селосынан 40 км
солтүстік-батыс бағытта, Шопан-ата қорымынан батыс жағындағы төбе жал үстінде
орналасқан.
Координатасы: N 43°33' 47.38" , E 53°22' 46.58" .
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткішті «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ 2004 ж. зерттеген. Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді. Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. Олар бестас, орташа биіктіктегі ферттар. Тас үйінділеріне қойылған белгі тас пен белтастарға таңбалар соғылған. Жазба мұраларын зерттеуші Мұрат Ақмырзаев сағанатамның сыртқы қабырғасындағы жазуды былай оқыды: «Бұл жазбаны салған молда Меңдібай Естекұлы», ішінде орнатылған қойтас бетіндегі араб жазуын тарихшы-өлкетанушы Нұрлан Құлбаев: «Бисми Әли» деп оқыды.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Бұл жерде Шопан-атаның күйеу баласы жерленген. Зират етушілер бірінші күйеу тамға келіп аялдайды. Бұл дәстүрдің мағынасы күйеу балаға деген үлкен құрметтен бастау алған. Содан кейін ғана төмендегі Шопан ата қорымы және жер асты мешітіне барады.
Дерек көзі: Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.
Оқылған саны: 6278
Бейне-материалдар
Маршрут
Қараман ата қорымы және жерасты мешіті (ХIII–ХIХ ғасырлар)
Құлбарақ батыр кесенесі
Қыдырша ата қорымы (XIX-ХХ ғғ)
Қызылқала қалашығы
Жалпы көлемі 50 гектарға дейін қамтып жатқан Қызылқала қалашығының негізіне Орта Азиялық үлгімен салынған қабырғаларының сақталған биіктігі 2,5-4 метр жуық, жоспары квадрат тәрізді үлкен де мықты қорған 10 ғасыр шамасында салынған. Қорған Хорезм империясының Маңғыстаудағы форпосты болып, келетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында тұрғызылған. ...
Ман ата кесенесі
Масат ата қорымы және жерасты мешіті (Х–ХIХ ғасырлар)
Қалмаққа қарсы қанды жорықтар жасаған ерлердің арасында айрықша аталып, дәріптелетін тұлғалардың бірі Масат ата болған. Масат ата Маңғыстауға Хорасаннан Мешхед қаласынан келген. Түбек жерінде ислам дінінің орнығуына атсалысқан белгілі тұлға, елін жаудан қорғаған батыр болыпты. Қарудың ешбір түрі дарымайтын, қасиетті адам болған. ...