Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Темір баба кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласынан 85-90 км оңтүстік бағытта орналасқан.

Координатасы:N 42°33' 50.74" , E 52°42' 26.21"  

Ескерткіштің сипаттамасы: 2002 жылы  Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мамандарымен зерттеліп, Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. 

Қорымда 200-ге жуық әр типті объектілер орналасқан. Ескерткіштер жоспарда домалақтау және тік бұрышты, өңделмеген тастан қаланған тас белгілер ие көлденең жатқызылған тастан қаланған тас қоршаулар, қойтастар, сандықтастар және жалғызды құлпытастар орналасқан. Қорымның батыс бөлігінде түркімендік қабірүсті құрылыстары шоғырланған, шығыс жақ бөлігінде сандықтас және қойтас түріндегі ескерткіштер орналасқан. Қорым орталығында зиярат етушілер жиі келетін әулие Темір баба қабірі орналасқан. Қабір басына сағанатам салынған.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Темір баба – мықты жауынгер, батыл, әруақты адам болған. Ел аузындағы  аңыздың басқа нұсқасында  Темір баба мен қасиетті Шопан – ата кездесіп, әруақ салыстырған делінеді.  Әруақ салыстыру нәтижесінде  Кендірлі аралы пайда болған. Теңіз жағасында аяғын суға малып отырған Темірбаба жер түбінен – Хорезмнен келе жатқан Шопан атаның аяғының дыбысын естіп отырыпты. Шопан - ата қасына келіп, өз жөнін айтып, Темір бабадан жөн сұрапты.Осы кезде Темір бабамен құдірет салыстырғысы келетінін айтады. “Құдіретіңді, әуелі, өзің көрсет”,- депті Темір баба. Шопан ата тау етегінде жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты шөрелеп шақырған екен. Үйір алдында тұрған теке келіп, етегін жалап, жата кетеді.Шопан-ата пышақсыз бауыздап, жіліктеп, мүшелеп, жайратып тастапты.Осыдан кейін етін терісіне қайта салып, алақанымен бір сипап өткенде, теке сілкініп, үйіріне қарай жөнеледі. Кезек  Темір бабаға келіп, ол балағын тізесіне дейін түріп, көк теңізге қойып кетеді.Теңіз қарсы айырылып, Темір бабаны басқан жері қара жер болып қалыпты. Шопан ата неғып тұр екен деп артына бұрылса, ол сәлдесін шешіп, “әулиелігіңізге сендім, бұдан әрі жүре берсең кәпірлер келетін жол саларсың”,- деп қайтарыпты. Қара түбек содан қалыпты.Осы қара түбектің пайда болуы туралы халық ауызындағы аңыздың тағы бір нұсқасы былай баяндалады. Теңіз жағалай жүріп, баласы суға кетіп, құтқара алмаған Темірбаба теңіз бетін үш рет “Өмір бойы осылай сапырылып жат!”, - деп қамшылапты. Темір бабаның қамшысының тиген жері қара жер болып қалыпты. Содан бері теңіздің (аралдың) Форт-Шевченко беті тынымсыз сапырылысып, ал керісінше, Бекдашы беті тыныш жатады екен.

Дерек көзі:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы, 2007;

2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат қорының 2004 ж. материалдары, М.Д.Қалменов.

 


Оқылған саны: 10218

Иса Тіленбайұлы кесенесі

Иса Тіленбайұлы (1829-1909) – халқына даңқы жайылған айтулы батыр, ауызы дуалы шешен, би, ұзақ жылдар ел билеген болыс, серілік құрған, ақындық сөз шығарған жан-жақты өнерпаз тұлға. Ол Адайдың оныншы ұрпағы. ...


Көне Бейнеу қорымы және Бекет-ата жерасты мешіті (ХVIII–ХIХ ғасырлар)

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. ...


Көркембай ахун мешіті

Ол Маңғыстау өлкесінің  XIX ғасырдағы салынған  құрлыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. ...


Күйеу там кесенесі

Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. ...


Қараман ата қорымы және жерасты мешіті (ХIII–ХIХ ғасырлар)

Қорымның ішінде орта ғасыр дәуіріне жататын құлпытастар, тас қоршаулар, XIX ғасырдың II жартысы XX ғасырдың басында Адай шеберлерінің қолымен тұрғызылған күмбезтамдар және көптеген сағанатамдар кіреді. Қорымның батыс бөлігінде Қараман ата жерасты мешіті бар. ...


Құлбарақ батыр кесенесі

Құлбарақ батыр әулие (1790-1832)  Маңғыстаулық беріш (қаратоқай) руынан шыққан, оның бейіті екеу, бірі Хиуа өңіріндегі Махмұт палуан деген кісінің күмбезінде, мұнда батырдың басы жерленсе, ал екіншісі өзінің атымен аталатын Құлбарақ қорымында денесі жерленген. ...


Қыдырша ата қорымы (XIX-ХХ ғғ)

Қыдырша Жылқыбайұлы - сынықшы, емші. Жылқыбай деген кісінің сегіз баласы болған. Қыдырша ата сол сегіз баланың кенжесі екен.  Ол сынықты қолымен ұстап салмаған. Қандай күрделі сынық болса да, босағадан аттағанда сынық орнына түседі екен. ...


Booking.com
Страницы: 123456789