Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Хатам ишан кесенесі

Орналасқан жері: Мұнайлы ауданы, Баянды селосынан 15 км  солтүстік бағытта орналасқан.

Координатасы: N 43°53' 56.20" , E 51°16' 51.61"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1981 жылы «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ экспедициясымен С. Жүнісова жетекшілік етуімен зерттелген. Казіргі уақытта Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.Мұндағы ең ертедегі құрылыс (XVIIғ.), екінші жартысына сəйкес келеді. Қорым уақыт пен кеңістік бойынша сақина тəрізді ұлғайып, ертедегі құрылыстар қорымның орта тұсында қалған. Құрылысы біршама сақталған 2 күмбезді ескерткіш қорымдағы маңызды нысан қатарында. Олар оңтүстік тарапта орналасқан. Кесене құрылысының құрылыстық құрылымы өлшемдік тепе-теңдікті сақтай, ою-өрнекке өте бай етіп салынуы (XIX ғ.), халық шеберлері қолынан шыққан туындылардың ең озық үлгісіне жатқызуға мүмкіндік береді.

Сағанатамдар да дəстүрлі нақышта, көз тартар көркемдікпен орындалған. Осы қорымда сондай-ақ, михрабы əдемі етіп салынған Қатем ишанның (түркмендер Хатам ишан деп атаған) мешіт құрылысы да сақталған. Кіші көлемді архитектуралық-сəулет құрылыстары бірнеше қойтас, құлпытастармен белгілі. Олардың өзі пішін қарапайымдылығымен өрнекті бедерлерімен де маңызға ие.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы (1740, Маңғыстау өңірі – 1824, Ақтау қаласының маңы) – Маңғыстаулық түрікмен поэзиясының классигі, шайыр ақын. Халық арасында «Хатам ишан» деп те аталады. Мұсылманша білімдар адам болған. Хатам Маңғыстау өлкесінде болған қиын уақыттарда түбекті мекендеген халықты өзінің жалынды өлеңдері арқылы бірлікке, ынтымаққа шақырды. Хатамның «Боз қараған», «Шерқала», «Қызылөзен», «Айрақты» атты белгілі өлеңдері болды. Ақынның көптеген қолжазбалары Түрікменстан ғылым академиясының қорында сақтаулы. 1968 ж. Хатамның тұңғыш өлеңдер жинағы А.Тайымовтың құрастыруымен жарық көрді. Хатам ишанның өлеңдерінде Орталық Азияның тарихи, патриоттық бейнелеу бар. Халық пен рулар арасындағы ынтымақ пен бірлікті ұштастыратын құр­метті әрі данагөй тұлға ретінде халық оған үлкен сенім артты. Ресейдің қитұрқы саясаты кезінде әділдіктің жолындағы Хатам ишан Астраханға жер аударылды.

Дерек көзі: Маңғыстау МТМҚ ММмұрағат қоры 2006 ж. материалдары. 

 


Оқылған саны: 4320

Шақпақ ата қорымы және жерасты мешіті (XIV–XIX ғасырлар)

Шақпақ ата мешiтi - Арал-Каспий өңіріндегі қабырғалары жазулармен және суреттермен шимайланған жалғыз ескерткiш болып табылады. Жартастағы мешіт геолог А.Медоевтің айтуы бойынша «Өте күрделі архитектуралық ескерткіш, Қазақстанның сирек кездесетiн жартасты сәулетшілік өнерінің тамаша көрінісі» болып табылады. ...


Шопан ата қорымы және жерасты мешіті

Мешіт бір-біріне қосылған 12 шағын бөлмеден тұрады, бөлмелердің әр қайсысы арнайы мағыналы, бірі діни рәсімдер өткізуге, бірі балаларды оқытуға, бірі тұрмыстық қажеттілікке арналған. Ортасында көлемі 7,1х5,1 м болып келетін төртбұрышты бөлме бар. ...


Оғыланды жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті (XVIII-XIX ғғ.)

Мешіт табиғаты көркем Оғыланды жеріндегі ақ-бор тасты тау шатқалының терең орта қабатынан ойып жасалған. Мешіт төрт бөлмеден тұрады, төргі бөлмеде қасиетті сырық ағашы бар. Мешітке кіретін аласа тар есік бар. ...


Booking.com
Страницы: 12345678