Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Орналасқан жері: Бейнеу ауданы,  Тұрыш ауылынан батысқа қарай 12 км орналасқан. 

Координатасы: N045^25.686; Е055°57.521

Ескерткіштің сипаттамасы:  Қорым кішігірім, биік емес төбеге орналасқан.  Қорымда орналасқан 10-нан астам ескерткіштер арасынан күмбезтам мемлекеттік есепке алынған.  Күмбезтам жоспарда тіктөртбұрышты, алдыңғы қабырғасы қалған қабырғаларына қарағанда сәл көтеріңкі етіліп қаланған, цокольды екі белдікке орнатылған, әсем порталы мен кіріс жиектері өрнектеле қашалған, дулыға үлгісіндегі күмбезінің оңтүстік-батыс бағытынан шығыңқы етіп төртбұрышты ойық шығарылған, найзатасы конус-пирамида пішіндерінен қашалып жоғарғы төбесіне сүйірлене біткен. Төртбұрышты кіріс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған. Күмбезтамның ішкі-сыртқы қабырғаларының беттері әртүсті сырлы бояулармен салынған ою-өрнек, тұрмыстық заттардың суреттерімен безендірілген, араб эпиграфикасы түсірілген.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткіш алғаш рет 2005 жылы қорық қызметкерлерінің іссапарында зерттелген. 2007 жылы маусым айында қорық қызметкерлерінің «Көшпелілердің мәдени мұрасы мәселелері жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» мамандарымен бірлескен экспедициясы барысында құжаттандырылған. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.  

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.    

“Көшпелілер мәдени мұрасы ҚазҒЗИ”-дің материалы 2007 ж. Т.Н. Лошакова

 


Оқылған саны: 15

Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Тасым 1 некропольі

Тасым 1 некропольі. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 35 км оңтүстік-батыс бағытта  орнаслақан. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Манашы некрополі

Манашы некрополі, ХVII - ХIХ ғасырлар, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Құсшы-ата некрополі

Құсшы-ата некрополі, ХV - ХIХ ғасырлар, Тұрыш ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011