Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Аққұл ишан мешіті

Орналасқан жері: Аққұл ишан мешіті, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан. 

Координатасы:  N 43°25' 025´´, E 053°30' 085´´

Ескерткіштің сипаттамасы:  Аққұл ишан мешіті  Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жеріндегі жартасты ақ бортас  төбелер мен құмды барқандардың арасындағы көркем ойпатта, құдықтардан 100 м жерде орналасқан. Мешіт жоспарда тікбұрышты екі дулыға тәрізді күмбезі бар ақ бор тастан саз балшық араластырып салынған  ғимарат. Қабырғалары сыртынан да ішінен де, сондай-ақ күмбездердің үстері де жақсы өңделген плиталармен қапталған. Ғимарат іргетассыз салынған. Мешіттің ортасы екі арка арқылы бөлінген улкен бөлмеден тұрады, терезелер қарапайым тікбұрышты пішінді етіп ойылған. Сыртында да ішінде де ешқандай декор байқалмайды. Мешіт қабырғасындағы михрап соншалық терең емес, жебе ұшы тәрізді етіп қашалған. Мешіттің ішіндегі қабырғалар мен төбелері ақ түсті әк ерітіндісімен боялған.  Алдыңғы күмбезінде Табынай Аққұл - ишан ХІХ ғасыр деп жазылған. Қазіргі таңда мешіттің жағдайы қанағаттанарлық, ХХ ғасырдың аяғында жергілікті тұрғындардың күшімен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мешіттің солтүстік-батыс бағытында  төбеде 20 шақты нысанан тұратын  ХІХ-ХХ ғғ. жататын қорым орналасқан. Онда бірнеше сағанатамдар, тас қоршаулар, қойтастар, құлпытастар, сатылы қабіртастар кездеседі. Сағанатамдар ХІХ ғасрдың соңы  мен ХХ ғасырдың басына жатады. Өңделген плиталардан тұрғызылып, алды шығынқы, бұрыштары көтеріліп салынған. Олардың кейбіреулерінде әсемдеп сызылған түрлі – түсті ою-өрнектер кездеседі.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Ескерткіш алғашқы  рет 1980 жылғы Мәдениет министрлігінің "Казпроектреставрация" институтының экспедициясы анықтаған, қосымша зерттеуді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері жүргізген.

2006ж. Маңғыстау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы бойынша «Күмбез»  (Т.Төрекұловтың жетекшілігмен) қызметкерлерінің жұмыстары барысында зерттелген.

Ескерткіш 1987ж. мемелекеттік қорғауға алынған.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.   

Қаз ССР Мәдениет министрлігінің "Қазжобалауқайтажаңғырту" институтының 1980 жылғы экспедициясының зерттеу материалдары, "Қазқайтажаңғырту" РМК мұрағаты, Алматы қаласы.   


Оқылған саны: 881

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112