Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ақпан ғибадатханасы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауланы, Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.   

Координатасы: N045^37.096; Е055°53,459; 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Үйіктің оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен солтүстігінен басқа бөлігінде айнала ор бар. Үйіктің оңтүстік-шығысында XIX ғасырға жататын жиырмадан астам зираттан тұратын рулық қорым бар. Үйік осы өлкедегі ең ежелгі ескерткіштің біріне жатады. Салыну ерекшелігіне сәйкес б.д. дейінгі бесінші ғасырдағы әлеуметтік дәрежесі жоғары адамды жерлеу мен оның құрметіне арнайы салынған деген болжам бар. Үйікті аршыған кезде кездескен ұлутасты өңдеп қажетке жарату, шебер қиылыстырып қалау ісі, жалпы тас өңдеу бұл өлкеде ежелден басталған өнер деген ойға жетелейді. Аршылған құрылыстың диаметрі 20 метр, биіктігі 7-9 метрден кем емес, қабырғасының қалыңдығы 6,5 метр таспен қаланған. Кезінде күмбезі болып, биік күмбез жылдар өте ортасына құлап, кейін үйікке айналған деген болжам бар. Қазба жұмыстары кезінде мазардың ішінен алтын әшекейлі киіммен жерленген адамның сүйегі, сүйектің маңайынан шашылып қалған алтын әшекейдің бірнеше данасы табылған. Мамандар «алтын киімді адам жерленген қабір әлдебір замандарда тоналған, шашылып қалған бұйым соны айғақтайды» деген уәж келтіреді. Күмбездеп соғылған, киімге тағуға арналған бауырдақтары бар алтын жәдігер. Үйіктің төңірегінде арнайы орындарға от жағылып, көп мөлшерде құрбандық шалынып, шұңқырларға көміліп отырған. Төңкерілген бүтін ыдыстар, қыш қазандар табылды. Міне, мұның бәрі бұл орын сонау замандарда үлкен бір тайпаның қасиетті орыны болғанын дәлелдейді. Ұзақ уақыт бойы көшпенділер тайпасы өздерінің көсемдері жерленген орынға келіп, сыйынып құрбандық шалып отырған. Бұдан басқа үйіктің төңірегінен өрнекті ыдыстардың сынықтары, жебенің ұштары табылған. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  Сол өңірді мекен етуші жергілікті тұрғындар «Ақпанның үйігі» деп бағзыдан атайтын орынды – ескерткішті алғаш рет 2006 жылы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы»ның қызметкерлері А.Астафьев пен М.Қалменов ашқан. 2018 жылы мемлекеттік тізімге енгізілді. 2011 жылы аудандық әкімдіктің бастамасымен «Археология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілер қаржысына мамандары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. 

Дерек көздер: 

1. «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі мұрағат материалдары. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының 2007 ж. материалдары. М.Д. Қалменов 

2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры  (ескерткіш паспорты). 


Оқылған саны: 20

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213