Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі
Орналасқан жері: Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан.
Координатасы: N 450 58.962; E 0540 24. 976
Ескерткіштің сипаттамасы: Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1 күмбезтам есепке алынған. Күмбезтам қорымның орталық бөлігінде орналасқан. Жоспарда төртбұрышты етіп, қабырғалары өңделген плиталармен қаланған, екі сатылы цокольды белдікке орнатылған. Оңтүстік-шығыс қабырғасының жіпсетасы мен кереге тасы аралығына тіктөртбұрышты ойықтар қалдырылып, порталына геометриялық өрнектер кескінделген. Күмбезтамның ішкі қабырғалары сырлы бояулармен салынған әр түрлі суреттермен безендірілген, сыртқы қабырғаларына жылқы, аяқ-киім, қару-жарақ суреттері, Адай руының таңбасы кескінделген. Тіктөртбұрышты кіріс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған. Қорым 2005 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. Күмбезтамның өлшемдері: 452х303х325см. Материалы: ақ-бор тас.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткіш алғашқы рет қорық қызметкерлерінің 2005 жылы сәуір айындағы іссапарында зерттелген. Күмбезтамда қазіргі заманғы жазумен: «Адай руы Жеменей тайпасы Бөкен бөлімі Мудасташен 1897ж. 15 жасында қаза тапты. Мудасташен әйелі Қантай 1919 ж. 69 жасында қаза тапты» деп жазылған.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.
Оқылған саны: 42




