Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Асау қорымы

Орналасқан жері:  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 13 км оңтүстік бағытта.

Координатасы: N 45 23.323; E 56 15.177 

Ескерткіштің сипаттамасы: Асау қорымы ХVII - ХVIII ғасырлар.  Зерттеулер нәтижесінде, ескерткіштердің арасынан ерекше  құндылығына байланысты, 28 ескерткіш есепке алынған. Олардың ішінде 2-күмбезтам, 2-сағанатам, 5- тас қоршау, құлпытас, 3-сандықтас, 4-қойтас, 4-құлпытас, 1-сандықтас, құлпытас, 4-құлпытас, қойтас, 1-сағанатам, тас белгі, 1-құлпытас, үштас, 1-құлпытас, тас белгілер бар. Сәулет ескерткіштерінің бір түрі сандықтастар кездеседі; сандықтастардың салыну дәрежесі де өзгеше. Өңделген кішігірім тастардан қабырғалары тіктөртбұрышты болып қаланып, төбесі итарка болып жабылған. Некрополь 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Мұнда Кіші жүздің Табын руынан шыққан, өз заманында елін-жерін сыртқы жаулардан қорғаған Барақ батырдың баласы Асау батыр жерленген. Батырдың ерлігі турлы ел аузында көптеген аңыздар сақталған. Асау батыр (1763-1866) 103 жасында өмірден өткен. Барақ төбенің басында, ал Асау төменгі етекке жерленген. Қорымда орналасқан ескерткіштер аудармасында:

1. Құлпытас, тасқоршау: Табын руы Шөмішті Қарақойлы тайфасы Асау батыр Барақ батыр баласы уфат 1263 санада жүзде, 62 жасында баласы Дәуіт батыр қылдырды.

2. Құлпытас, тасқоршау: Тәңір берген байлықтан, аяғы жерге тимепті......? 1267 санда.

Шөмішті Табын руы Екібас тайфасы Елтезер баласы Өтеміс баласы Тілубай (Тасубай) уфат 86-да халалы Дәнсұлу екінші күн Дурже бәйбише 85-де.

Құлпытас сынған: Кете руы Әлмәмбет тайфасы Құлшық Беку баласы уфат 69 жасында 1262 санда, Қылдырды баласы Қобдабай мырза. Рухына фатих.

 4. Құлпытас, тасқоршау: Шөмішті Табын Жалпақтіл тайфасы Малай баласы Құзеке (Қазеке) баласы Досанқара баласы Қалнияз уфат 64 жасында. Жаздырды баласы Тілеу мырза 1267-ші жылда.

 7. Құлпытас, сандықтас: табын руы Жалпақтіл Малай тайфасы Алдаберген  баласы (Уалидбай) ? 23 жасында 1857 санда.

 Құлпытас: Адай руғы Ақпан тайфасы Тағанияз баласы Бектілеу уфат болды  83 жасында....?

19. Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Бодан аймағы Кенжебай бөлімі Қотырбас Өтеш Болман ұғлы Құрманбек уфат халалы болды 35 жасында 1327 санда.

 20.  Құлпытас: Шөмішті Табын руы Жалпақтіл тайфасы Жиенқұл баласы ......н уфат 70-де, Қылдырды баласы Жарықбас.

 21. Құлпытас: Ысық руы....? тайфасы .... бай баласы Асмухамед уфат 20 жасында 1871 санда.

 23. Құлпытас, қойтас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Сарт Темір Шырықбай баласы Шалабай уфат 75-де, Қылдырды баласы Бектілеу 1872. Сарт

Құлпытас: Адай руғы қырықмылтық тайфасы Сармыс батыр Кенжебек?.... байшы Қарағұл халалы уфат 76 жасында 1320 санда жылда. Салдырды баласы Қабаш батыр. Ұста Құдайберген Жақау ұлы, жазушы молла Қолан молла Назар ұлы.

Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Сармыс баласы Қарағұл 64 жасында уфат 1866 жылда рухына фатих, жаздырды баласы Қ....?

 24. Күмбезтам, құлпытас: Адай руғы қырықмылтық тайфасы Өтес баласы Байнияз уфат 36 қылдырды інісі Тағанияз.

 25. Құлпытас, қойтас: Адай руғы қырықмылтық тайфасы Айтуар баласы Өтес уфат 58 жасында. Қылдырды баласы Тағанияз.

Сынған құлпытас, қойтас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Шырақбай халалы Қарақыз 74 уфат 1859 санда. Жаздырды баласы Құдайберген.

26. Қос құлпытас: а) Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Есекей Қален молла....? б) Адай руғы қырықмылтық тайфасы Сармыс аймағы Елеген Сапы ұғлы.....?

29. Тас қоршау: Табын........?.........? тайфасы Бармақ батыр Құбаныштың ұғлы Нұрай Бәйтік ұғлы Үміт мырза. Ерболат баласы Нұралының анасы Ошпа бәйбише уфат болған.....?-деп жазылған. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж. 



Оқылған саны: 36

Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан. Маңғыстаумемлекеттік тарихи-мәдени қорығы....


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 12345678