Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Атан-Таған некрополі

Орналасқан жері: Атан-Таған некрополі, Бейнеу ауылынан 9 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан  

Координатасы: N45 18.218; E55 05.771 

Ескерткіштің сипаттамасы:   Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде некропольден 5 ескерткіш есепке алынған. Олар негізінен- 2-күмбезтам, 1-сағанатам, 1-сағанатам, құлпытас,1-құлпытаспен тас қоршау. Бұл ескерткіштердегі мүсінділік және әр түрлі ою-өрнектер жергілікті сәулетшілердің жоғарғы біліктілігін көрсетеді. Күмбезтамдар жоспарда төртбұрышты, қабырғалары екі қабатты қаланған, сырты өңделген тастардан қиылып қапталған. Оңтүстік қабырғасы биіктеу қаланған, кіреберіс ойығы перде тәріздес етіліп шығарылған. Сағанатамдар жоспарда тіктөртбұрышты қасбеті-порталды, кіреберіс ойығы оңтүстікке бағытталып төртбұрышты етіліп жасалған. Жақтаулары өсімдік өрнектермен әшекейленген.

Некрополь 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды.  

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: 1999ж. маусым айында Ж.М.Құлымбаев басқаруымен экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ескерткіш шамамен 1890 жылдары салынған. Шеберлері Данабай Қарағұлұлы, Салықбай.

2. Күмбезтам: 1887 жылда 12-ші.....? Түркменадай тайфасы Жаманадай руғы Бозша Ахмет ұғлы 26 йашында уфат болды, йаздырды інісі Сатыбалды мырза, елен шафы, 88 қой, елен 17 жылқы, 3......? 100 манат, тамам болды. 

3. Күмбезтам: Адай руғы Жеменей тайфасы Олжашы бөлімі Таған Өтеген ұғлы уфат болды 77 жасында......? Атан-Таған Өтеген ұғлы. Атан Өтеген баласының жайы. Бекбаулы-Данабай.

4. Сағанатам: Адай руғы Жеменей тайфасы Олжашы бөлімі Құбығұл. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж. 

«Бейнеу» кітабы Алматы-2002ж. 

  


Оқылған саны: 742

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Көбен жерасты мешіті

Көбен жерасты мешіті, XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112