Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Айтман қонысы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан
Координатасы: N045^45.400; Е056°40.300
Ескерткіштің сипаттамасы: Қоныс шың-кемердің мүйісіне қарай шығыңқы жерде орналасқан, табиғи сипаты жағынан ешқандайда зақымға ұшырамаған. Бөлме орындарының қазан-шұңқырлары дөңгелек пішінді және құрлықтық топырақ қабатына қазба жүргізілген. Қабырғасы ірі- ірі жалпақ тастарды тігінен қою арқылы қаланып, олардың үстіне, көлденеңінен көлемі кішілеу жалпақ тастар қойылған. Бөлме іші ошақпен жылытылған. Басты құрылыс материалы ұлутас пен әктас. БҚАЭ қонысты зерттеу барысында 1997 ж. оның үстіңгі қабатынан бөлшектелген 2 ыдыс сынығы табылған. Ыдыс жасау, оны пішіндеу технологиясы, қыш бетіне өрнек салу дәстүрі Тоқсанбай қонысының материалдарына балама болып табылады. Си сараптамалық талдауы бойынша алынған дата б.з.д. 18-17 ғғ сәйкес келеді. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: ҚР ҰҒА АИ Батыс Қазақстан археол. экспедициясы 1997 ж. зерттеген.
Дерек көздер:
1. ҚР ҰҒА АИ Батыс Қазақстан экспедициясының барлау жасағының 2000 жылғы есебі. Қазақстан ҰҒА АИ мұрағаты; Батыс Қазақстан экспедициясы 1992 ж. есебі. ҰҒА АИ мұрағаты. Т.Н. Лошакова
2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).
Оқылған саны: 18


