Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Бәйті (Бәйте 3) ғибадатханасы

Орналасқан жері:  Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Өтес селосынан 20 км. солтүстік-шығыс бағытта орналасқан

Координатасы: N-44,32,684; E-54,00,170. 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Бәйте-3 ғибадатханасы – Маңғыстау ауданы, Сай-Өтес елді мекенінен 20 шм солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Бұл орын б.д.д. IV-II ғ.ғ-ға жатқызылатын археологиялық ескерткіш болып табылады. Бәйте ғибадатханасына 1998 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғибадатхананың орны, көптеген тас мүсіндер, көшпелілердің дүниетанымына, космогониялық анималдық, күнтізбелер ұғымына байланысты артефактор табылған. Ғибадатхананың ішкі құрылысының негізгі  жобасы шеңбер ішіндегі шаңбақ тәріздес болып келеді. Бәйте ғимаратының диаметрі 19 м. Ішкі бөлмелерінің  қабырғасы 3 метр  биіктікке дейін сақталған. Сыртқы қаптамалы  қабырғасының  құлап қалған қабырғаларының мұқият өңделген  және бір-біріне  қиюластырылған  тас блоктары  оның биіктігін 5 метрлік  немесе одан да  жоғары деп  анықтауға  мүмкіндік береді.  Құрылыстың сыртқы формасы 2 сатылық  құрылымнан тұрған – цилиндр мен күмбезден. Құрылыс  тегістелген соң,  тас плиталар  төселген  жазық нүктеден күмбезді негізгі  цокольдық  іргетастың диаметрі 14 м зәулім тас  қаланымның  үстінен көтеру тәсілі арқылы  салынған. Күмбез тіреуіші  айқыш пішінді кішігірім ішкі  бөлмені құрайтын  төрт ішкі бекіткіш  тіреу есебінен  үлкейтілген. Тіпті, күмбездің биіктігі 10 м болған деген  болжам жасауға да болады. Құрылысқа 2 сатылық  сипатты тас пен топырақтан толтырып  қаланған ені 2,5 м мықты сүйеу қабырға беріп тұр. Ішкі бөлмелер жоспары  бойынша дүниенің  төрт бұрышын нұсқаған  несториандық айқышты еске  салады. Тоғысқан жерінде  «айқыш»  сәулелері  ішіндегі  еденге  төртбұрышты  құрбандық шалатын  тастан  жасалған шағын от жағатын  алтарь қойылған дөңгелек залды құрайды.  Ол батыңқы  шеттерінің  бұрыштары  дөңгеленіп келген  және ол шеттерінде  ойыңқы  шағын  ернеулер бар. Құрбандық  шалатын орынның  ортасында  қиғаш айқыш  ойық салынған. Ғимарат қатты  жер сілкінісінен  қираған. Уақыт өте келе  қирандының  тастарының  біразын тасып алып кеткен,  қалған үйінділерін  құм басқан. Осылайша  үлкен оба пайда болған. Ескерткіш шамамен  б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. жатады.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  Ғибадатхананың  ішкі-сыртқы қабырғаларында рулық белгілер мен суреттер молынан  салынған. Олардың пайда болған уақытын  анықтау  өте күрделі. Болжам бойынша, таңбалардың  көп бөлігі  алан кезеңіне жатады. Орыс тіліне аздап  бұрмаланған түрде  «тамға» болып енген «таңба» деген түркі сөзімен (рулық,  тайпалық және т.б.) иеліктің немесе  әртүрлі тарихи кезеңдердегі (рудың, тайпаның,  әулеттің,  династияның т.б.)  меншігіндегі  табиғи нысандардың, қозғалмалы заттардың  және  культтік жерлеу-еске  алу құрылыстарының  бетіне,  ал малшы  халықтарда  көбінесе  үй малының  денесіне  салынатын символдық белгілерін айтқан,  яғни иеленушілік пен тануға және  мәлімет ретінде  көрсетуге қажет арнайы  заңды құжат.

Бәйте  типіндегі  ғибадатханалардың  ерекшелігі – олардың  аумағының  таза болуы, мұқият зертелуіне қарамастан,  олардың  бүкіл аумағында ешбір тұрмыстық  қалдықтар мен  шаруашылық  әрекеттің іздері табылмаған. Сирек түрде ырымдық  тақталардың ,  шағын тас  ыдыстардың, құрбан шалынатын  орындардың  үзінділері кездеседі.

Бәйте типіндегі  ғибадатханаларды  сахаралық Еуразияның  синхрондық табыну  кешендерімен салыстырған кезде  бірқатар «жалпы көшпенділік» элементтерінің  (төбелер мен  шұңқырлары бар  төбе  тәрізді үйінділер,  құрбан  шалатын  орындар мен т.б.) орын алуымен қатар олардың өзіндік ерекшелігі  айқындалады. Антропоморфтық мүсіндерді  анықтау дәстүрі  одан да ерекше болып келеді. Бәйте типіндегі  мүсіндер кейбір  ортақ белгілердің  болуына қарамастан,  икона жазу мен  бейнеленген  реалилермен  одан бұрынғы  б.з.д. 6-5 ғғ. Скифтік,  сондай-ақ скифтік мәдениеттің  кейінгі (б.з.д. 4-3 ғғ.)  және ең кейінгі (б.з.д. 4-3 ғғ.)  даму кезеңдеріндегі  ескерткіштерінен  өзгешеленеді.  Бұл көне  темір дәуіріндегі  көшпенділердің  ескерткіш салу өнерінің  үстірт-маңғыстау ошағының  салыстырмалы түрдегі дербестігін  мойындауға  мүмкіндік береді.  Бұл арал-каспий  аралығындағы  сармат тайпалары  мәдениетінің  ең жоғарғы дәрежеде  өркендеуі мен әскери-саяси  белсенділігінің  артқан уақыты.  Алдын-ала  бұл жерде  сарматтардың  этносаяси бірлестіктерінің  екі орталығын  бөліп кетуге болады, олар оңтүстікте Бәйте және солтүстікте Қызыл Үйік түріндегі  қарулы жауынгерлердің  мүсіндері бар  орасан зор ғибадатханалармен  белгіленген. Ескерткіш жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған.

Дерек көздер: 1. Ольховский В.С. Галкин Л.Л. Комплекс святилища Байте (начало иследования)// Маргулановские  чтения. Сборник материалов конференции. Алма-ата 1989;

2. Ольховский В.С. Галкин Л.Л. Культовый комплекс на Устюрте  (предварительное сообщение) // СА: 1990. №4;

Самашев З., ОЛьховский В.С. Племена Арало-Каспийских  степей в сарматскую эпоху. История КАзахстана. Т.1. 1995.  

4. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры  (ескерткіш паспорты).

 


Оқылған саны: 5

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Сақау қорымы

Сақау қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 100 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік батысқа қарай 53 км қашықтықта орналасқан ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қосарқан (Шақан) қорымы

Қосарқан қорымы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 35 шм батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тасым 1 қорымы

Тасым 1 қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 35 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213