Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Белдеулі керуен-сарайы
Орналасқан жері: Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан.
Координатасы: N045^32,735; Е055°35, 429
Ескерткіштің сипаттамасы: Белдеулі керуен-сарайы пішіні төрт бұрышты 27^24 м түрінде болып келеді, ұзын осі СБ- ОШ бағыты бойынша жатыр. Оның болжамды биіктігі 3 м шамасында, ал ұзындығы 7 м. Порталдық арканың пилондарының іргетасы толықтай әкетілген. Сырт қабырғаларының қалыңдығы 1,1 м құрайды. Керуен-сарайдың сырт қабырғаларының бұрыш пішіні шеңбер түріндегі мұнаралармен көркейтілген. Диаметрі 2 м С мұнараның іргетасы толық сақталған. Ш жақтағы мұнараның құлап қалған қаптауы 4 м ұзындыққа дейін жетеді. Мұнараның ішкі бөлмесі жоқ. Керуен сарайдың ішкі жоспары ішінара іргетас қалдықтарына қарап анықталып, кейде бүкіл құрылыстың орналасу осінің симметриясына сәйкес айна-қатесіз қайталау арқылы қалпына келтірілген. Кіреберістің оң және сол жағында көлемі 5,1*4,2 м және 2,7*4,2 м-лік екі-екіден бөлмелер орналасқан. Оң жақ қанаттағы бөлмелер арасында, ені 1,25 м тас баспалдақ жасалған. Бөлме есіктері сыртқы ауыз есіктің бұрышына таяу қойылған. Керуен сарайдың төрт бұрышты көлемі 17^14 м болып келетін ауласы бар. Аулаға барлық тұрмыстық және шаруашылық бөлмелердің есіктері қаратылған. СШ және ОБ қабырғалар бойымен төрт-төрттен кішігірім тұрғын бөлме орналасқан. Құрылымы бойынша бөлме қабырғалары шой- таспен толтырылған тігінен 2 қатар орнатылған әктастың ірі, өңделген жалпақ тастардан қаланған. Есік алдына қараған қабырғасының ені 0,8-0,9 м құрайды. Бөлмелердің орташа көлемі 4,3*3,2 м. Аула жақтан алғанда Ш-дағы көлденең қабырға ені 0,8-0,9 м-лік есік жасалған. Артқы қабырғаның ұзына бойына, сірә, шаруашылық мақсатта 1 бөлме салынған. Бұл бөлме ауладан қалыңдығы 1 м қабырғамен бөлінген, оның бір ортаңғы ені 1,25 м дәлізі бар. Аула жақтан кіру, ені 2,6 м, тереңдігі 0,7 м-лік басыңқы арка арқылы өтсе керек. Ішкі жағынан шығу 0,8*0,4 м мөлшеріндегі 2 тікбұрышты тромппен орындалған. Бөлмелердің ішкі ені 3,3 м құрайды. Керуен-сарайдың СШ-дағы 50- 60 м жерде кішігірім төбешік үстінде бұзылған шағын құрылыс шойтастарының 5 үйік шоғыры жатыр.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткішті «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі қызметкерлері 2005 ж. зерттеген.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.
Оқылған саны: 17


