Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Бесшымырау некрополі

Орналасқан жері: Бесшымырау некрополі, Ақжігіт ауылынан 42 км оңтүстік бағытта орналасқан 

Координатасы: N 44 37.167; E 55 57.460 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Некропольде орналасқан 100-ден астам ескерткіштер арасынан 34 ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Олар күмбезтам-1, сағанатам, құлпытас-10, сағанатам-3, құлпытас-3, құлпытас, қойтас-8, құлпытас, тас қоршау-4, қойтас-5 болып келеді. Сәулет ескерткіштерінің кіші формадағы түрлері құлпытастар, қойтас және тас белгілер көптеп кездеседі. Күмбезтам, сағанатамдар Маңғыстау өлкесіндегі сәулет ескерткіштерінің  құрылыс салу дәстүріне тән, 3 қабатты болып келген. Күмбезтам жоспарда тік төртбұрышты, қабырғасы үш қабатты. Күмбезтамның ішкі қабырғасының жоғарғы жағын айналдыра қошқар мүйіз оюы боялған. Қабырғаларында тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқ киім-кешектер бейнеленген. Қоршаулар өңделмеген тастардан қаланған, кей жерлерінде тігінен жерге қадалып қойылған.

Некрополь 1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған.  

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Некропольдің құрылуы және қалыптасуы туралы тарихи деректер жоқ.

1999 жылы маусым айында Д.М.Құлұмбаев басқаруымен экспедиция зерттеу жұмыстарын өткізген.

2007 жылы Көпенділердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ экспедициясы кезінде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Елдің айтуы бойынша бұл адайдың, түрікменадай бөлімінің некрополі. 

1. Күмбезтам: Адай руғы Түрікпенадай тайфасы Қадір Бөлімі Салық (Сиық) баласы Елубай мырза уфат болды 42 жасында 1315.

2. Сағанатам, құлпытас: Адай руы Бегей тайфасы Малай бөлімі Қосақбай баласы Жақсылық уфат болды?? жасында.-деп жазылған. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж.  


Оқылған саны: 830

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Көбен жерасты мешіті

Көбен жерасты мешіті, XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Страницы: 123456789101112