Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Есетмола некрополі

Орналасқан жері: Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан 

Координатасы:  N 45 55.306; E 051 50.848 

Ескерткіштің сипаттамасы:    Есетмола некрополі Бейнеу станциясынан 65 км солтүстік-батыс бағытта Бағатай-Бейнеке алқабының солтүстік шығыс бетіндегі Үстірт шыңдарының ернеуінде Есетбұлақ жерінде орналасқан. Әр түрлі кезеңдердегі халықтық сәулет өнерінің алуан түрлі озық туындылары топталған некропольдегі 200-ге жуық кіші пішінді ескерткіштердің уақыты пішін-құрылысы, түрлі әдістермен түсірілген тас беттеріндегі рулық таңбалар, эпиграфикалық жазу-сызулар, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар немесе жануар суреттері негізінде XIV-XIX ғғ. аралықтарымен белгіленеді. Ескерткіштер қатарында жоғарғы бөліктері дөңгелек-доға немесе шар тәріздес қашалған 4 қырлы құлпытастардың кейбіреулері өте биік болып келеді, трапеция және цилиндр пішіндерінде жасалған қойтастармен, сандықтастармен орнатылған композияциялық көріністері кездеседі. Орта ғасырлардағы Алтын Орда мемлекетінің күшейген кезінде жанданған Ұлы Жібек жолының Үстірт арқылы өткен негізгі тармақтарының бойындағы бұл көлемді некропольден 100 метрдей қашықтықта негізгі түп нұсқасы жақсы сақталған Қосқұдық керуен-сарайы бар. Сәулет пішіндерінің бүгінгі таңдағы техникалық жағдайлары ескеріліп, тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған 58 ескерткіш нөмірленіп, есепке алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:   Ескерткіш Бағатай-Бейнеке  алқабының солтүстік-шығыс бетіндегі Үстірт шыңдарының ернеуінде Есетбұлақ жерінде орналасқандықтан «Есетмола қорымы» аталған.

Ескерткішке 2007 жылы маусым айында қорық қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттеу, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.  


Оқылған саны: 746

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112