Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Иманбай кесенесі

Орналасқан  жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Төлеп ауылынан солтүстік шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан.

Координатасы: N 044^57.635, Е 054°40.894;

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш алғаш рет 1952 ж.   М. Мендіқұлов, өлшемдерін сәулетші А.Санбаев  алған. Кейін «Көшпелілер мәселесі бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. қосымша зерттеген. Күмбезтам жоспарда төртбұрышты, қабырға ортасы шала өңделген тастардан көлденеңінен қойыла қаланып, сыртынан өңделген плиталармен көмкерілген күмбезтам цокольды бір белдікке орнатылған. Маңдайшасы сырлы бояулы өрнектермен әсемделген төртбұрышты кіріс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған алдыңғы қабырғасы, порталы геометриялық өрнектермен безендірілген. Төменгі жиегі айнала өрнектелген дулыға үлгісіндегі күмбезі плиталарымен оңтүстік-батыс қабырғасы жартылай сақталған. Күмбезтамның басқа қабырғалары, күмбезі найзатасымен түгелдей құлап тас үйіндіге айналған. Қазір толықтай апаттық күйде тұр, алдыңғы бөлігінің 3 қатар тастары ғана сақталып қалған.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Дәулетнияз шебермен тұрғызылған. Ескерткіштің салыну тарихы, шебері туралы нақты деректер жоқ. Ел аузында сақталған аңгімелерге қарағанда Жаңасу құдығын жайлап отырып, қайтыс болар алдында: «Жылқымның жайылымына қойыңдар» деп өзі өсиет еткен жеріне қойылған.Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.   

Дереккөздер: 1.   Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мекемесі мұрағат материалдары. 

2. ҚазКСР Мәдениет министрлігі«Қазжобақайтажаңғырту» институты мұрағатының материалдары 1990 ж.; 

3. Көшпелілер мәселесі бой-ша ҚазҒЗИ экспедициясы 2007 ж. материалдары. 

                                                                            


Оқылған саны: 13

Қалдыбай қорымы

Қалдыбай қорымы, 18-19 ғғ. (архит.).  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылынан шығыс бағытта 83,4 км, Желтау тауынан оңтүстік-батысқа қарай 16,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай қонысы

Тоқсанбай қонысы, ерте қола дәуірі, (археол.). Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 140 км, Тұрыш ауылынан солтүстік-шығысқа 48 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау қорымы

Бесшымырау қорымы, ХІХ ғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,  Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 90 шм, Ақжігіт ауылынан оңтүстікке қарай 40 шм жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы,

Жезді қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 1234567891011121314