Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Жезді қорымы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан.
Координатасы: N 046^03.240;Е 055°48.975
Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымда 1 кесене, әртүрлі тас қоршау, сағанатам мен сәулеттік ұсақ құрылыстар да бар. Кесене қорымның ортасында орналасқан. Оның құрлыс жоспары тік бұрыш пішінді, өлшемдері 4,05*3,62 м, биіктігі 2,6 м. Үлкен-үлкен тастардан саз балшықпен қаластырылған 1 бөлмелі кесене, күмбезді және сырт қабырғасы құрлысқа пайдаланылған тастың өзінен жақсылап өңделген жалпақ тас тақталармен қапталған. Қаластыра өрілген күмбезі 6 қырлы. Күмбездің сүйірленген ұшар бөлігі қираған. О жағынан есік қуысы, жебе ұшы тәрізді, қуыстың айналасы өсімдік өрнегімен безендірілген. Құрылыс қатар етіп өрілген іргетас үстінде тұрғызылған, арнаулы іргетасы жоқ. Құрылыс интерьерінің Б, С және Ш қабырғаларында арық тәрізді қуыстарды да қиюластыра келтірген. Сыртқы қабырғаның үстіңгі бөлігі жай бастырылған жылқы мен қаруды бейнелейтін бедерлі суреттер салынған. Құрылыстың қанағаттанарлықтай сақталғаны тек, О жақ бөлігі, өзге жағы қираған. Сағанатамдар параллель болатын тік қатар тұтас жалпақ тастан (жалпақ тастар) қаланып, аралық кеңістігі топырақпен толтырылған. Сырт қабырғалары жақсылап өңделген. Тас қоршаулар алғашында жартылай өңделген тас блокты тақта тастарынан төрт құлақ түрінде қаластырылып, көбінің бір ғана, кейде бірнеше жағынан жақсылап тегістелген жалпақ тастан (жалпақ тастардан) тұрғызылған. Қоршаулар тік бұрыш пішінді. Олардың барлығында да Б жағына құлпытас орнатылған. Құлпытастар 2-3 қосар қабатты түріндегі көлемді-кеңістікті топқа жатқызылады және бірнеше мүсіндік өңдеуге бөлек етіп бөліп сындырылған тас стела түрінде. Құлпытастардың тегістік беті геометриялық және өсімдік ою-өрнекке өте бай, сондай-ақ араб графикасындағы эпитафиялармен безендірілген. Қойтас түріндегі қабір үсті құрылыстары астыңғы табан асты тұғыры жетілген, цилиндр немесе дің тәрізді үстіңгі көлемді болып келіп, екі аяққа қондырылған. Олардың өрнектерінде халықтық ою түрлерінің элементтері, жалпақ бедерлі етіп жасау техникасында оймыштала орындалған. Қорымда бірнеше рет байқалғандай, жердің қойнауына төмпешік түрінде жерленген, Б жағына өңделмеген ұзына, жалпақ тастан тас белгі (стела) орнатылған жерлеу орындары да бар. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттеген.
Дерек көздер:
1. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының 2007 ж. материалдары. «Археология» ЖШС экспедициясы материалдары, 2009 ж.Т.Н. Лошакова
2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).
Оқылған саны: 5


