Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Қалдыбай қорымы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылынан шығыс бағытта 84 км, Желтау тауынан оңтүстік-батысқа қарай 16,5 км жерде орналасқан.
Координатасы: N 46 22,264; E 055 30,751
Ескерткіштің сипаттамасы: Қалдыбай қорымы шағын ансамбльді, басым бөлігі қоршау, құлпытас, сағанатам және кесене. Кесене күмбезді, симметриялы, орталық 1 бөлмелі құрылыс, тік бұрышты жоспарда С-О. бағытпен бағытталған. Құрылыс 2 қатар жалпақ көлемді тастардан және тегістеліп, кезектестіре көлденең және тігінен қойып қаластырылған, өңделген тас тақташалармен қапталған. Қасбеті порталмен ерекшеленеді де, төбе жақтауы өсімдік өрнекті оюмен қоса күрделі үйлесімді құрай безендірілген. Шатырлық күмбез 1 метрлік шамадағы барабанға барып тіреледі де, ұшар бас найзатасы сүйірленіп бітеді. Кесененің биіктігі 4 м. Оның жанындағы сағанатам құрылысы тік бұрыш жоспарлы, бүйір іргелік қаланды болғанымен іргетасы және төбе жабындысы жоқ. Қабырғасының үстіңгі жағы өрнекті таңбалармен безендірілген. Құлпытастар - 4 қырлы, 3 деңгейлі, зооморфты және өсімдік элементті өрнектермен әспеттелген. Барлық қабір үсті құрылыстар мұндағы құрылыс және тасты өңдеу (кесу) өнерінің дамыған жоғарғы деңгейін растай түседі.
Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы 1990 ж. зерттеген. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Дереккөздер: 1. «Қазжобақайтажаңғырту» Институты экспедициясының материалы 1990 ж. «Қазжобақалпынакелтіру» институтының мұрағаты. Арх. № 523; 26. 11. 1990 ж. Т.Н. Лошакова
2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).
Оқылған саны: 12

__cebe38ecf438966494221bd094db4908.jpg)
__ba6bda3bf9e1eafc5aaa8501b4d8d970.jpg)

