Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қамысбай қорымы

Орналасқан жері:  Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан

14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. 

Координатасы: N 44 04, 160; E 052 15, 425 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қамысбай қорымы - Шетпе-Ұштаған жолы бойында орналасқан киелі орын. Қорым шамамен, XVII ғ-дың II-жартысынан бастап бой көтерген, алғашқы Қамысбай Төлекеұлының зираты салынуымен байланысты, соның есімімен аталған. Оған арнап тұрғызылған кесене қарапайым тас қалау техникасымен саз аралас лай балшықпен қаланған. Кесене бөлмесінің төбесі шала өңделген тастардан қаланған.

Қамысбай қорымында алуан түрлі ою-өрнектер нақыштала түсірілген құлпытастар, қойтастар мен сағанатамдар шоғырланған. Зерттеулер нәтижесінде, қорымнан 430-ға жуық ескерткіштер есепке алынған.

Мұндағы күмбез бен мазарларды атақты шеберлер Доралұлы Жылқыбай мен Жаңай Қалмамбетұлы тұрғызған.

Күмбезтамның қабырғалары ақ бор тастан саз балшық араластырылып тұрғызылған. Кейін өңделген плиталармен қапталған,  ою-өрнектермен безендірілген. Күмбезі өңделмеген плиталардан құрылып, төбесіне найза тас салынған.

19 ғ күмбезтамдарында мынадай ерекшеліктер бар: қабырғалары ішкі және сыртқы болып 2-бөліктен тұрады. Қабырғаларының арасы саз балшық пен тастардан толтырылған. Ою-өрнектері әртүрлі бояулармен сырланған. Негізінен  өсімдік тәрізді, зооморфтық және геометриялық ою-өрнектер кездеседі. 

Қорым алғаш рет Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №38 Қаулысы бойынша 26.01.1982 жылы Республикалық дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ел аузында сақталғанәңгімелерді жеткізуші ақсақалдардың деректеріне сүйенсек, қорымның аталуы алғашқы болып жерленген Қамысбай Төлекеұлының зираты салынуымен байланыстырылады.

Қамысбай - ескерткіштерінің сәндігімен, күмбездерінің әдемілігімен, ою-өрнектерінің түрлерінің молдығымен ерекшеленетін қауым. Мұнда атақты шеберлер Қаражүсіп балаларының қолынан шыққан ескерткіштер мол. Ескі шеберлердің соңы Назархан Бекмағанбетов былай деген: «Тас өңдеу шеберлері қию шебері, ою шебері деп бөлінетін еді, ал Қаражүсіп балалары қай-қайсысына да жетік»-еді деп пікір айтқан. Бұл қауымды 1971 жылы сәулетші Алмас Ордабаев басқарған экспедиция зерттеген.

Ел аузында сақталған әңгімелерге қарағанда, Қамысбай Адайлар Маңғыстауға қоныстануымен пайда болған қорым. Қамысбай – Адайдың тобыш-зорбай руынан шыққан (XVIII) кісі. Өз заманында елге сыйлы, беделді, дүйім жұртқа танымал болған. Кезінде Маңғыстау түбегіне алғаш қоныстанушылардың бірі болған. Ол достық пен сыйластықтың, парасаттылық пен ынтымақтастықтың, қайырымдылық пен көрегенділіктің үлгісі бола отырып, түрікпен ағайындылармен тату көрші болған. Маңғыстау ойындағы қонысы құтты қоныс болып, ұзақ жылдар отырған. Малдың көптігі сондай, он бір баласын үйлендіріп, әр балаға отар-отар қой, жүзден жылқы енші беріп, бөлек шығарып, дәурен құрыпты деседі.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары

  «Үш қиян» газеті №4, 17 ақпан 2011 ж. 


Оқылған саны: 2605

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Манашы некрополі

Манашы некрополі, ХVII - ХIХ ғасырлар, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Құсшы-ата некрополі

Құсшы-ата некрополі, ХV - ХIХ ғасырлар, Тұрыш ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Есетмола некрополі

Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі, Ақжігіт ауылынан 40 км оңтүстік бағытта орналасқан.  ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау некрополі

Бесшымырау некрополі, Ақжігіт ауылынан 42 км оңтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Атан-Таған некрополі

Атан-Таған некрополі, Бейнеу ауылынан 9 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 12345678910