Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қарақабақ қалашығы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.   

Координатасы: N 44 30 122; Е 51 23 166

Ескерткіштің сипаттамасы: Қарақабақ қонысы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында Қошақ шығанағының оңтүстік жиегінде орын алған. Ол үстірт тәрізді Түпқараған қырының едәуір бөлігін алып жатқан табиғи жұрнақ. Қалдықтың жоғарғы бетіндегі тұрғын үй аумағы 3 га құрайды. Қарақабақ және Шүлдір сайларын жіңішке мойнақ арқылы негізгі сілемнен қонысқа жапсарланған көлемі 12 шаршы км көлемді жон телімі ұзындығы 560 метрлік Байлама бекінісінің қабырғасы бөліп тұрады. Осы жан-жақтан қорғалған аймақ анық егіншілік пен мал жаюға арналған телімдер болғаны байқалады. Осылай орталық отырықшылықтан шалғай, көшпелі қауымдастықтың қоғамында дербес анклав құрылған. 

Қарақабақ қалашығының төңірегінде әртүрлі өнеркәсіп өндірісі мен ақшалай тауар қатынастарының болуымен қатар, оның географиялық орналасуы, бұл қоныстың көшпелі қауымдастық пен көне антика кезеңі және ерте ортағасырдағы каспиймаңы мен ортаазиялық мемлекеттерінің сауда қатынастарының маңыздылығы жайлы пікір айтуға мүмкіндік береді. Қарақабақтан 20 км жерде орналасқан орасан күрделі Алтынқазған діни-қабірлеу кешенінің материалдық олжа жиынтығының арасында өзара тығыз байланысы байкалады. 

Ұлы Жібек жолының дамуын зерттеу барысында алғаш реттрансконтиненталды жолдың солтүстік тармағы антикалық кезеңде болғандығы туралы материалдық дәлелдері табылып отыр. Бұл жаңалықтың бірегейлігі мен ғылыми-тарихи маңыздылығы жоғары деп саналуы антикалық кезеңнің ешбір тарихи айғақтарында кездеспейтін, ежелден-ақ Маңғышлақ түбегі арқылы өтетін теңіз-сауда қатынастарының болуында. Қарақабақ қалашығының анықталуынәтижесінде Қазақстан Республикасының теңіз шекарасы арқылы өткен халықаралық сауда қатынастарыныңтарихы 2000 жылды құрайтыны белгілі болды.Қарақабақ қалашығының тарихы V ғасырдың бірінші жартысы мен VІ ғғ. кезеңіндегі ғұндар бірлестігінің көшпелі тайпаларымен тікелей байланысты. Зерттеушілердің нұсқасы бойынша жергілікті шикізат өндірілу себебінен (жез, темір, қорғасын және мұнай) Қарақабақтың сауда-өнеркәсіп орталығы ретінде пайда болғаны айтылады. Бұл ескерткіштің табылуы Маңғыстау аймағын көшпелі алан және ғұн тайпалары тарихының зерттеу саласына қосылуына мүмкіндік береді. Алтынқазған діни-қабірлеу кешені мен Қарақабақ қалашығын зерттеулердің арқасында, Арал-Каспий маңында пайда болған зороастризм – монотеистік дін негіздерінің пайда болуымен қалыптасуының алғашқы айғақтары табылды.Қазақстан тарихында тұңғыш рет археологиялық қала жанынан ғұндардан кейінгі дәуірге жататын көшпелі халықтың қорымы табылып отыр. Қорымда тек әйелдерге және балаларға тиесілі молалар ғұрыптық құрылыстарымен топтаса орналасқан. Молалар қаланы мекендеген алуан түрлі этникалық топтардың өкілдеріне тиесілі, олар көбіне төменгі Сырдария маңынан (Жетіасар) шыққандар болуы мүмкін. Шамасы қала тұрғындарының едәуір бөлігі зороастризм дәстүрлерін ұстанған және қайтыс болған адамды жерлеу үшін 12 шақырым жерде орналасқан Алтынқазған ғұрыптық-жерлеу кешенін пайдаланған. Қала тұрғындарының екінші бөлігі көшпелі дәстүрді берік ұстанып, б.д. ІІ ғ. 2-жартысында Оңтүстік Урал маңындағы кейінгі сармат ортасында қалыптасқан жерлеу рәсімін пайдаланған. Табылған ілеспе заттар «шипов қабаты» деп аталатын металл бұйымдарға сәйкес келеді, осыған толық ұқсас заттар Қарақабақ қалашығында және Алтынқазған діни-ғұрыптық кешенінде де кездеседі. Зерттелген жерлеу орындары V ғ. соңы мен VI ғ. ортасы деп мерзімделеді. 

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: 2017 ж. археологтар А.Е.Астафьев (Қазақстан) пен Е.С.Богданов (Ресей) жетекшілік етуімен Қарақабақ қалашығына (б.д. ІІІ -VІ ғғ. басы) археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің бастапқы кезеңінен-ақ Арал-Каспий мемлекеттерінің өзара қатынастары, Каспий теңізінде кеме жүргізу және Үнді-Византия сауда қатынасы бойынша Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының тарихына қатысты аса маңызды жаңалықтар анықталған болатын. 

Қарақабақ қаласы Каспий маңы мемлекеттерінің саяси-дипломатиялық, экономикалық және сауда байланыстарының ортақ нүктесі іспеттес болған, қазіргі кезде ол қызметті Ақтау халықаралық теңіз порты атқарып отыр. Археологтар қаланың 5 ғасырдың аяғында қатты жер сілкінісінен қирағанын анықтаған. Қайта қалпына келтірілген қала VI ғасырдың бірінші жартысында құлдырай бастады. Теңіздің қатты тартылуына байланысты, Қарақабақ порт болудан қалып, саудагерлер Шығыс пен Батысты байланыстыратын жаңа бағыттарды іздеуге мәжбүр болды.

2017 ж. бері Қазақстан-Ресей жобасының бастамасы болған бұл ескерткішке қазба жұмыстары әлі де жалғасып келеді. Бұл зерттеулер жоғары тарихи-мәдени маңызға ие болып, әлемдік деңгейдегі жаңалыққа теңелуі мүмкін. 

Дерек көздер: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі  мұрағат материалдары. А.Е. Астафьев

  


Оқылған саны: 3

Көбен жерасты мешіті

Көбен жерасты мешіті, XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112