Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Кенті баба қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,Таушық селосынан 40 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44° 27' 47.73" E 50° 59' 40.20" 

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1979 жылы Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің экспедициясымен зерттелді. Қорымға 1983, 2005, 2013, 2014 жж ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Ескерткіш жоспарда төрт бұрышты, бір бөлмелі, өрісі арқылы өтетін тік білікке симметриялы құрылыс болып келеді. Басты қасбеті оңтүстік-батысқа қаратылған. Қабырғаның өрілуі де әрқилы және өңделу деңгейіне қарап құрлысқа сан алуан тастар пайдаланғанын көруге болады. Кесене тас қаландысының және сәндік ерекшеліктеріне қарай, Кенті баба кесенесін салушы шеберлер ортағасырлық Хорезмдік сәулет құрлысында қолданылған құрылыс техника әдіс-тәсілдерін және сәулеттік дизайннан хабардар болғаны туралы да айтуға мүмкіндік береді. Кесенеге қарама-қарсы мешіт орналасқан.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Аңыз бойынша, Кенті баба  өз заманында халықты мұсылманшылыққа үйреткен, діндар, тақуа, әулие адам болған. Кентті баба қорымын жергілікті халық киелі нысан санап, қадір тұтып қастерлейді.

Қорымда тастың диаметрімен қойылған ата-бабаларымыздың намаз оқитын  дала мешітінің орны сақталған. Бұл қоршалған орынның жанында намаз оқитын михрабты тас орнатылған, ол Меккеге бағытталған. Кейде оны шеңбер деп атайды: тастың жоғарғы бөлігі күннің  формасына ұқсас, шеңбер болып жасалынған. Ежелгі халықтың ең үлкен Құдырет иесі ретінде сыйынатын, табынатын  құдайы Күн болған.

Әлемнің әр жерінен ағылып барып сыйынатын  Қағбадағы орналасқан  михрабды тасы, ақ жақұт асыл тастан жасалынған деген дерек бар.  Мінеки осы ақ жақұт михраб тас қарайып кеткен. Бұл тасты уақыт әсері емес, пенденің күнәсі қарайтқан. Ал Кенті бабадағы михрабты асыл тас, пайда болған кезеңінен бері мүк шалынған. 

Дерек көзі:

1. С.Е.Әжіғали «Архитектура кочевников. Феномен истории и культуры Евразии». – Алматы, 2002 ж.;

2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.

 


Оқылған саны: 15485

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011