Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Көбен жерасты мешіті
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта орналасқан.
Координатасы: N 43°38' 564´´, E 052°59' 652´´.
Ескерткіштің сипаттамасы: Көбен жерасты мешіті Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта Көбен қорымының батыс жанында орналасқан. Мешіт тығыз әктас-бор жартаста тікбұрышты пішінде қашалған. Жоспарда екі бөлмеден тұрады:дәліз және орталық бөлме. Орталық бөлме осы дүненің жақтарына бағытталған құрылым болып табылады. Кіріс шағын дәліз бөлмесіне ойылған өткел арқылы жасалған. Бөлмеде өңделген тастардан тұрғызылған күмбез тәрізді төбе болған болуы мүмкін. Бүгінгі таңда күмбез тек күндізгі көкжиекте сақталған. Ішкі бөлігінен жалған күмбезді салу техникасын бағалауға болады. Күмбез қалауының тастары керемет тегістелген және жақсы орнатылған. Сол бөлменің төбесіне дөңгелек жарық люгі ойылған. Сыртқы жағынан жарық саңылауы өңделген тастардан қалауланған. Қабырғаларда құралдардың іздері өте айқын сақталған. Кіреберістің ішкі жағы ою-өрнегі жоқ шығыңқы пилястермен безендірілген. Кіреберістің жанында құмтастан жасалған 2 шам сақталған Кіреберістің жанында құмтастан жасалған 2 шам сақталған. Шығыс жағындағы бөлмені ішінде араб тілінде жазу бар. Мешіт өлшемі: 9м х2м; жарық люктердін диаметрі 1м х 1,8м. Материалы – борлы әктас.
Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Авторы, құрылысшы, тапсырыс беруші белгісіз. Мешіттің бір қабырғасында араб тілінде жазу бар: 1931ж. Зәуда-да (мамыр) айында деген. Ескерткіш алғашқы рет 2008 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері зерттеген.
Дерек көздер:
1. «Архитектура кочевников» Әжіғали С.Е., Алматы, 2002ж.
2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).
Оқылған саны: 3

__410254692e9fa9117df03f630d36f0a4.jpg)
__570011fae095044b475639ee622b9590.jpg)
__edd08aed059847ee3f78b7ce43e4c0a6.jpg)

