Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қосарқан (Шақан) қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 35 шм батыс бағытта орналасқан 

Координатасы: N045^01.391;Е055°18.241

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымнан барлығы 17 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Оның ішіндегі үлкен сәулет ескерткіштері - екі күмбезтам. Олардың қатарында бірі саз балшықтан қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп тұрғызылған (жоғарғы бөлігі үшбұрышты болып келетін төртбұрышты кіріс ойығы тастан жасалған, қабырға қалыңдығы 1,5 м) және қабырғалары плиталармен көмкерілген (күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде тұрғызылған) күмбезтамдар, сағанатамдар және шала немесе жартылай өңделген тастардан әр түрлі биіктікте қаланған тас қоршаулар, қақпақсыз сандықтастар, қойтас құлпытастар бар. Қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан қабырға орталары шой тастармен толтырыла саз балшық араластырыла қаланып, плита тәріздес тастармен қабырға тегістігінен шығыңқы белдіктер жасай тұрғызылған күмбезтамның күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде болып келеді.  Қорымның көлемі - 1,2 га шамасында болып келеді. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  Ескерткішке 2007 жылы маусым айында "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттеу, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген. Қорымдағы қабіртастардың  Адай-Жеменей-Кедей руының ұрпақтарына тиісті екені анықталды. Қыштан тұрғызылған күмбезтамның жақтауында: «Кедей Ерсары» жазуы бар. Ескерткіштің тарихы туралы нақты тарихи деректер жоқ.

Дерек көздер: 1. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының материалдары 2007 ж. Т.Н. Лошакова 

 2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры  (ескерткіш паспорты). 


Оқылған саны: 130

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213