Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Құсшы ата қорымы
Орналасқан жері: 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.
Ескерткіштің сипаттамасы: 1999 жылы маусым айында Ж.М. Құлымбаев басқарумен экспедиция зерттеу жұмыстарын өткізген. Құсшы ата қорымы Бейнеу ауданындағы ірі ескі қойылымдардың бірі. Шамамен 300-ге жуық ескерткіштер бар. Солардың арасынан 65-ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Қорымда михрабы бар тастан қаланған мешіт құрылысының орны бар. Жоспарда күмбезтамдар тік төртбұрышты формада, алдыңғы фасад бөлігі оңтүстікке қарай бағытталған. Ішкі және сыртқы қабырғаларында арабографикалық жазулар, қару-жарақтың, жануарлардың суреттері бейнеленген. Қорым керуен жолының бойында орналасқан. Қорымның қасында құдық орналасқан. Ауыл тұрғындары қорымның тастарын құрылысқа, қора салауға пайдаланған. Сондықтан қазіргі уақытта көпшілігінің тастары жоқ бүлінген. 2014 жылы жаңадан қорымға қорғау тақтасы орнатылды. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: . Қорымның құрылуы және қалыптасуы туралы тарихи
деректер жоқ. Ел аузында сақталған аңыз бойынша Құсшы ата бүркіт ұстаған,
солардың тілін білген адам болған. Аңызы бойынша «түрікпен әулиесі» делінеді. Ол құстар мен бүркітшілердің
иесі мен пірі екен.
Дерек көзі: “Қазжобалауқалпына-келтіру” Институты экспедициясы материалдары 1990 ж. “Қазжобалауқалпынакелтіру” Ин-ститутының архиві. Арх. №523 26.11.1990 ж. Т.Н. Лошакова
Оқылған саны: 4


