Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Манашы некрополі

Орналасқан жері: Манашы некрополі, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан

Координатасы:  N45 01.24; E55 00.628 

Ескерткіштің сипаттамасы: Манашы некрополі Бейнеу ауданы Бейнеу станциясынан 25км оңтүстік-шығыс бағытта, Манашы сайының шығыс бағытында орналасқан. Некрополь сәулет ескерткіші ретінде Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесінің атқару комитетінің 24.10.1987ж. №496 шешімі бойынша жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған. Қорымда XVII-XIX ғғ. кезеңдерімен шамаланатын 80-ге жуық кіші пішінді сәулет ескерткіштері шоғырланған. Ескерткіштер қатарында жоғарғы бөлігі доға тәрізделген немесе өңделген 4 қырлы құлпытастар, жартылай өңделген плита тәріздес тастардан қақпақсыз етіп жасалған сандықтастар, қадақ тастардан  тұрғызылған және шала өңделген тастардан төртбұрыш пішіндерінде қаланған тас қоршаулар, антропоморфтық үлгідегі тас белгілер кездеседі. Алайда қазіргі таңда сәулет пішіндерінің көпшілігі атмофералық кері әсер ету салдарынан әр түрлі күйреулерге (мүк шалу, мүжілу, үгітілу, сыну, құлау т.б.)  ұшыраған, құрылыстары бұзылып бастапқы пішіндері мен көркемдік келбетін жоғалтқан.

Қорымдағы ескерткіштердің тарихи-мәдени құндылықтарының қазіргі таңдағы сақталыну деңгейіне байланысты 10 ескерткіш есепке алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткіштің салыну тарихы, авторы туралы нақты деректер жоқ.

Ескерткішке алғашқы рет 1979 жылы Қазақ ССР мәдениет Миистрлігінің Атырау экспедициясы зерттеу өткізген.

2007 жылы маусым айында қорық қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттеу, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген. 

1979 жылы Қазақ ССР мәдениет Министрлігінің Атырау экспедициясы өткізілген жұмыстар бойынша Т.Джанысбековтың қорытынды есебінде. «Казпроектреставрация» институтының архивінде. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.   


Оқылған саны: 613

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112