Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Масат ата қорымы және жерасты мешіті (Х–ХIХ ғасырлар)

Орналасқан жері: Маңғыстау ауданы Ұштаған селосынан 20 км оңтүстік-шығысқа бағытта орналасқан.

Координатасы: N 43°41' 37.58" , E 52°52' 56.33"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш алғаш рет 1979 ж. ҚазКСР Мәдениет министрлігі экспедициясымен сәулетші М. Нұрқабаевтың жетекшілік етуімен зерттелген. Ескерткіш алғаш рет 26.01.1982 ж. № 38 Қазақ ССР Министрлер кеңесінің қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 ж. 30 наурыздағы №119 бұйрығымен республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Масат ата қорымындағы объектілерге 2005, 2006 жылдары «Маңғыстауреставрация» АҒЖӨШ мамандарымен ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді.

Қорымда ерекше түрдегі кіші пішінді сәулет ескерткіштер және күмбезтамдар бар. Бұл ескерткіштер – негізінен ортағасырлық оғыз-қыпшақ дәуіріне жататын қойтастар, тас қоршаулар, тас белгілер, Қорымның солтүстік-шығысында қазақтардың 18-19 ғасырлар аралығын қамтитын ескерткіштері сақталған. Мұнда қойтастардың алуан түрлі пішіндері көптеп кездеседі, қорымнан барлығы 525 ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған болса, соның ішінде 300-ге жуығын осы қойтастар құрайды. Қорымның оңтүстік-батысында атаның жерасты мешіті орналасқан. Мешіт өзге ескерткіштерге қарағанда өте жақсы сақталған, табиғаттың кері әсері байқалмайды. Өте тығыз құмтастан ойылып, ішкі аумағы төрт қанат киіз үй үлгісінде жасалған. Жоғарғы жағындағы дөңгелек ойықтан ішке жарық түседі. Оның сыртқы беті қаланған тастармен көмкерілген. А.Бернштамның айтуы бойынша мұндай күмбезді құрылыстар салу Азия даласын мекендеген атты көшпелілерге тән қасиет болған. Қазақтардың киіз үйіндегі жоғарыдан жарық түсіретін шаңырақ осының дәлме-дәл көшірмесі сияқты. Мешіттің оңтүстік бөлігінде ішке кіруге арналған есік орнатылған. Ішкі бетінде есіктен сәл солға таман Мекке бағытында михраб ойылған. Сыртқы жағында 3-4 м батысқа таман диаметрі 2,5 м болатын қазылған шұңқыр орны сақталған.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Масат ата туралы халық арасында әлі күнге дейін шындыққа бергісіз аңыз-әңгімелер көп айтылады. Қалмаққа қарсы қанды жорықтар жасаған ерлердің арасында айрықша аталып, дәріптелетін тұлғалардың бірі Масат ата болған. Масат ата Маңғыстауға Хорасаннан Мешхед қаласынан келген. Түбек жерінде ислам дінінің орнығуына атсалысқан белгілі тұлға, елін жаудан  қорғаған батыр болыпты. Қарудың ешбір түрі дарымайтын, қасиетті адам болған. Жаулары оны өлтірудің сан алуан әдісін жасап көреді. Бірақ еш нәтиже шығара алмайды. Содан ең соңғы тәсіл жас әйелі арқылы батырдың ерекше қасиетінің сырын білуге кіріседі. Ата таң намазына тұрғанда, өз денесінің жүйе-жүйесі босап, отырған орны мен төңірегі бастапқы күйін өгертіп, бей-жай күйге түседі екен. Намаз кезінде батырдың да бойы жұмсарып, әлсізденеді, ол төңірек құм мен тас та ериді екен. Міне осындай сәтте жау да келіп, Масат атаның басын шапқан. Шабылған бас жаюлы жайнамазға түседі, Масат ата басын жайнамазға ораған күйде үйден шыға жүгірген, содан үй қасындағы құлыны бар сауын бие де артынан ерген екен. Атаның да, құлынмен биенің іздері де, атаның мойнынан тамшылағын қанның ізі де жолдың құбыла тұсындағы көк тасқа айна-қатесіз түсіп қалған. Масат ата пырақ болып ұшып кетіпті. Сонымен атаның зираты жоқ, бірақ өлкедегі ең ескі ежелгі киелі орын осылай аталады.

Дерек  көздер:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», «Арыс» баспасы -2007;

2. М.Қалменов, О. Көшбайұлы «Маңғыстау жер асты мешіттері». Алматы, «Орхон» баспа үйі – 2010;

3. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры КППМ-236/12 (ескерткіш паспорты).

 


Оқылған саны: 13465

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112