Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Мықтыбай (Рәзия) күмбезтамы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосынан 25 шм оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44 48.900;  Е 55 49.600

Ескерткіштің сипаттамасы:  Күмбезтам жоспарда төртбұрышты, қабырғалары үш қабатты іші-сырты өңделген тастардан кереге-жіпсе етіп қапталып, ортасы шой тастармен саз балшық араластырыла толтырылған, үстінен дулыға тәріздес етіп күмбез шығарылған. Қалған қабырғаларына қарағанда биіктеу қаланған оңтүстік қабырғасына ортасынан төмен қалдырылған төртбұрышты ойығының жиектеріне сырлы бояулармен әр түрлі геометриялық пішіндермен нақышталған, оңтүстік бетінен төртбұрышты ойық шығарылған күмбезі дулыға тәріздес етіп қашалған. Биіктігі - 6,4 м.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткішті 1989 жылы "Қазжобақайтажаңғырту" институты А.О.ИТенов бастаған сәулетшілер анықтап зерттеген.

2007 жылы күмбезтамға "Нұрмакс+" ЖШС мекемесі реставрациялық жұмыстар жүргізді.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.  


Оқылған саны: 2222

Қосарқан (Шақан) қорымы

Қосарқан қорымы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 35 шм батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112