Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Сисем ата кешені

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Өтес селосынан 35 км солтүстік бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44°37' 15.36" , Е 53°34' 50.10"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш алғаш рет 26.01.1982 ж. № 38 Қазақ ССР Министрлер кеңесінің қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 ж. 30 наурыздағы №119 бұйрығымен республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.12.2010 ж. №414 қаулысымен ескерткіштің қорғау аймақтарының шекаралары бекітілген.Сисем-ата қорымындағы объектілерге 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2017 жылдарда ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген.

Сисем-ата қорымына ҚазКСР Мәдениет министрлігі экспедициясымен 1977 жылы А.О.Итенов, 1979 жылы М.С.Нұрқабаев, 1988 ж. «Казпроектреставрация» институтының архитекторлар тобымен Т.Д.Жанысбеков жетекшілігімен зерттеу жұмыстары жүргізілген. 2012 ж. қазан айында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты маманы, т.ғ.д., профессор С.Әжіғали жетекшілігімен Сисем-ата қорымы және оның тарихи-мәдени аймағын зерттеу бойынша экспедиция жүргізілді.

Сисем-ата қорымы - өлкені мекендеген көшпелілердің сәулет өнері мен салт-дәстүрлері, діни дүниетанымдары мен әлеуметтік-саяси даму үрдістерінен деректі мағлұмат  беретін құнды ескерткіш. Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Сисем ата қорымы «Маңғыстау – алғашқы адамдардың қалыптасу кезеңі өткен жер» деп археолог Алан Медоев жазған. Қорымның негізгі бөлігі Сисем ата қабірінің айналасына топталған. Маңғыстау өңіріндегі кең дамыған дәстүрлі сәулет өнерінің көрнекті туындылары саналатын қорымдағы бірқатар сағана-күмбездерді өлкемізге белгілі «тастан түйін түйген» шебер Жылқыбай Доралұлы және Тұрлымұрат Сатыбалдыұлы, Сақи ұлдары Дүйсенбай, Ордабай, Еңсе, Қозыбақ, т.б. жергілікті тас шеберлері шығыстың сәулет өнері үлгісін қолдана тұрғызған. Маңғыстау және Үстірт өңіріне тән «Сисем-ата қорымы» аймақтағы ежелгі қорымдардың арасында сақталу деңгейімен ерекше. «Сисем-ата қорымы» дәстүрлі діни-мемориалдық сәулет және тас өңдеу өнерінің озық үлгілері топталған ерекше кешен. Қорымда дулыға тәрізді сәулет пішіндерінің жиі кездесуі кездейсоқ емес. Бұл пішін алғашқы рет тас мүсін ретінде ХIV ғасырда пайда болып, жорықта қаза тапқан батырдың қабірін белгілеген. Мұнда кіші жүз Байұлының рулық таңбаларымен қатар Әлімұлы, жеті ру таңбалары да кездеседі.

Тарихи деректер, аңыз-аңгімелер: Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, Сисем ата орта ғасырларда оғыз-қыпшақ кезеңінде ғұмыр кешкен ислам дінін алғашқы уағыздаушыларының бірі болған делінеді. Сисем ата қорымы жайында алғаш рет 1825-1826 жылдары полковник Ф.Берг басшылығымен жүргізілген орыс əскери-бағдарлау экспедициясының есептері бетінде айтылып өткен. Журналдағы қысқа ғана жазбада: «Бұл конус тәріздес жер-тас үйінділерінен тұратын қасиетті қорым, алуан түрлі сәулет пішіндерінің біртұтастығы сақталғандығына қарағанда, қорым жергілікті түркімендердің немесе осы маңайға алғаш келген қазақтардікі болуы мүмкін» деп жазады. М.Меңдіқұлов зерттеулері бойынша қорымның пайда болу уақыты шамамен 11-12 ғасырлар кезеңдеріне жатқызылады, ежелгі бөлігінің айналасында, солтүстік-оңтүстік бағытта дамыған қабірүсті ескерткіштерінде түрлі таңба-бейнелер мен дәстүрлі ою-өрнектер түсірілген, сызба суреттердің тарихы қыпшақ-ноғай дәуірлеріндегі саяси оқиғаларды меңзейді. Ауызша мəліметтерге қарағанда Сисем ата алғашқы ислам дінін таратушылар қатарында келіп, орта ғасырларда, оғыз-қыпшақтар заманында өмір сүрген. Осындай бір аңыз дерегі бойынша, Сисем ата Адай руы қазақтарына осы маңайға қоныстануға бата берген екен. Осы себептен Сисем ата қайтыс болған соң Адай руының əулиесіне айналып, оның мазарының маңында Адай батырларының қорымы құрылған. Қазақ халқында өмірден озған кісілерді киелі орындар маңына жерлеу дəстүрі болған. Сисем ата қорымында Адай руының халық батырлары – Қонай батыр Кенжеұлы, Есенұлы Сейід би, Төлеп батыр Əнетұлы, рубасылар Жанбозұлы Өтеулі, Жаманқара, Матай, Зорбайұлы Өтеғұл, Бегей Дəуілдір Қозыбақұлы, Жарылғап Сенгірұлы, Назар Жарыұлының ұлдары – Шотан батыр, Тастемір бай, Майлан, Құдайберген, сонымен қатар Қожаназар бай Жанайұлы. Сондай-ақ, қорымда Ырсалыұлы Жанұзақ батыр, Жары руынан Үргешбайұлы Сүйінқара би-батыр, Төлепұлы Мəмбетнияз би-болыс, Боққараұлы Байбоз, Əнет би Текейұлы жəне тағы басқалар жатыр деген деректер бар. Кіші жүздің жақсысы мен жайсаңы көзі тірісінде пәтуаласып, көз жұмған соң табысқан қасиетті мәңгілік жай пантеон іспетті» деп сипаттама береді, грекше «пантеон» - ру басы, «пантеос» - барша Құдай ұлдары мен құдай сүйген ұлдар дамылдаған орын деген мағынаны білдіреді. Қорымның құбыла тұсындағы төбешік басындағы шағын қорымшылық «Әз әулие» Сисем атаның шешесі деп есептелінеді. Қазақ – аруақ сыйлаған халық. Жергілікті халықтың өлі әруақтарға құрбандық шалып, зиярат ету ата-дәстүрі бойынша Сисем атаға бару үшін алдымен Әз әулиеге тәу ету шарты қалыптасқан. Бұл қорым тарихи-мәдени ескерткіш ретінде еліміздің еркін, тәуелсіз ел болып сақталу жолында жан бергенбатырлардың рухы арқылы қазіргі жастарды патриоттық тәрбиелеуде маңызды орын алады.

Дерек көздер:

1. Мендикулов М. «Памятники народного зодчества Западного Казахстана». Алма-Ата: Өнер, 1987;

2. «Сейсем ата қорымының араб жазуындағы эпиграфикасы», Құрастырушылар: А.К.Муминов, А.Ш.Нұрманова, Н.А.Құлбаев, Астана, 2015;

3. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры.

 


Оқылған саны: 4579

Масат ата қорымы және жерасты мешіті (Х–ХIХ ғасырлар)

Қалмаққа қарсы қанды жорықтар жасаған ерлердің арасында айрықша аталып, дәріптелетін тұлғалардың бірі Масат ата болған. Масат ата Маңғыстауға Хорасаннан Мешхед қаласынан келген. Түбек жерінде ислам дінінің орнығуына атсалысқан белгілі тұлға, елін жаудан  қорғаған батыр болыпты. Қарудың ешбір түрі дарымайтын, қасиетті адам болған. ...


Оғыланды ата жерленген жер

Қазіргі уақытта төбе етегінде сыйынушыларға арналған үлкен кешен салынған. Қорым төбе бойымен созылып жатыр (ең көнесі XVII-XVIII ғғ.). Қазіргі жер бетіндегі бөлігінде өңделмеген тастан қаланған тас үйіктері, қарапайым қоршаулар, тас-жәшік, сандық тастар түрінде. ...


Отпан тау тарихи-мәдени кешені

Отпан тау – ата-бабаларымыздың аяғы, тұлпарларының тұяғы тиген, батырларымыз бен билеріміздің басын қосып, ақылдасып, елдің тағдырын шешетін шешімдер қабылдаған жер. Аталарымыз осы жерде елдің амандығына садақа беріп, Алладан ұрпақтарына саулық, тілеп, алыс жолға аттандырып отырған. ...


Сұлтан үпі жерасты мешіті

Сұлтан-үпі сайы - Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауында Сарытас бұғазына жақын жерде  ұзындығы 5 шм-ға теңізге дейін созылған. Бұл жердің көріктілігі мен әсемдігі көрген адамды өзіне еріксіз тартады. Бұл жер шілденің аптап күндерінде жаныңа жайлы қоңырсалқын болып келеді....


Т.Г.Шевченко (1847-1857 жж.) мемориалды кешені, 1932 ж.

Тарас Шевченко қазақтар мен сол аймақтың табиғатын суретте бейнелеген, этнографиялық деректерді сурет арқылы таңбалаған. Маңғышлақ түбегінде алғашқы ағашты отырғызған. Сол тал бүгінгі күнге дейін «Тарас талы» деп аталып кеткен. ...


Темір баба кесенесі

Қорымда 200-ге жуық әр типті объектілер орналасқан. Ескерткіштер жоспарда домалақтау және тік бұрышты, өңделмеген тастан қаланған тас белгілер ие көлденең жатқызылған тастан қаланған тас қоршаулар, қойтастар, сандықтастар және жалғызды құлпытастар орналасқан. ...


Booking.com
Страницы: 1234567