Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Тасым 1 қорымы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 35 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан
Координатасы: N 045^49.751, Е054°19.264
Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымда 60-қа жуық сәулеттік-өнер ескерткіштері орналасқан. Солардың арасынан 8 құлпытас; 12 құлпытас, қойтас; 2 қойтас барлығы - 22 ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Қорымдағы ескерткіштердің басым бөлігін кіші пішінді сәулет ескерткіштері құрайды. Саз балшықтан қаланған үлкен пішінді ескерткіштер қазіргі уақытта қирап үйіндіге айналған. Құлпытас және қойтастар қырлары ою өрнектермен, геометриялық фигуралармен нақышталып жасалған. Құлпытастар әр түрлі үлгіде жасалған, бір құлпытаста күн тәрізді элементтер кездеседі. Қойтастар тұтас тастан қашалған жоғарғы бөлігі трапеция, цилиндр түрлерінде келіп, төменгі бөлігі тіктөртбұрышты параллелипед ортасы қашалып аяқтар түрінде шығарылған. Құлпытастар жоғарғы жағы доға тәрізді, үшбұрышты, әр түрлі геометриялық үлгіде жасалған. Қорымның жалпы көлемі 3000 м2. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Қорымға «Қазжобақайтажаңғырту» институтының экспедициясы 1988 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Дерек көздер:
1. «Қазжобақайтажаңғырту» институты экспедиция материалы 1988 ж. «Қазжобақайтажаңғырту» инсти- туты мұрағаты. Арх. № 235 14,12. Т.Н. Лошакова
2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).
Оқылған саны: 5


